Ауыл жастары заңды құқығын пайдалана алмай отыр

ЖСДП партиясы ауылдық жасөспірімдердің әлеуметтік мәселелері өзекті екенін жылдар бойы айтып келеді.

Ауыл балаларының қалалық құрдастарымен тең дәрежеде білім алуға, мамандық таңдауға, мәдени құндылықтар мен әлеуметтік-мәдени нысандарға баруға, әлеуметтік қорғалуға, яғни өзінің конституциялық құқығын пайдалануға мүмкіндігі жоқ.

Себебі Жастар мен балалар қоғамдық бірлестіктерінің көпшілігі ірі қалаларда шоғырланған. Шағын қалалар мен ауылдық жерлерде жастар бірлестіктері жоқтың қасы. Көптеген жасөспірім тіпті өз отбасында да қажетті көмек пен қолдау таба алмайды. Бұл әлеуметтік ортаға бейімделу үшін қиындық туғызады, соның салдары ішімдікке салыну, бейсаналы түрде бұзақылық жасау сияқты заңсыз әрекеттердің өсуіне алып келуі ғажап емес.

Ол үшін қандай шаралар қолдануға болады? Ауылдық жерлерде жасөспірімдердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін жастармен әлеуметтік жұмысты жақсарту қажет. Жастар туындаған дағдарыстық жағдайларды жеңу үшін әлеуметтік іс-шараларға белсенді қатысуы тиіс. Олар өзін Отанының лайықты азаматтары екенін сезінуі үшін бала кезден кім болғысы келетінін, өмірде немен айналысу,а құлшынысы барын, адамгершілік құндылықтарын анықтауға көмектесу керек.

Ол үшін біз жастармен әлеуметтік жұмыс жасау бойынша мынаны ұсынамыз:

  • Ауылдық елді-мекендер аумағында әлеуметтік-мәдени нысандар құру;

  • Жастардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірге қызығушылығын арттыру;

  • Спорт ғимараттарын құру;

  • Жас ұрпақтың әлеуметтік және физикалық денсаулығын қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын қалыптастыру;

  • Жастардың өз мәселесін өз бетінше шешуіне, оның ішінде, жастар қоғамдық бірлестіктерінің субъективтілігін арттыру, өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы жағдай жасау;

  • Жастарды кәсіпке бейімдеу және жұмысқа орналастыру орталықтарын құру;

  • Жастарға арналған әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету орталықтарын құру қажет.

Ілияс Жанғали ЖСДП Ақмола облыстық филиалы

Смотрите также:
Депутатские запросы
22.05.2024
Су айдындарында браконьерлікке қарсы күрестің проблемалық мәселелеріне қатысты өзінің депутаттық сауал
22.05.2024
Депутатский запрос касательно проблемных вопросов борьбы с браконьерством на водоемах
02.05.2024
Н.Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сауал
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву