Азаматтық журналистиканың маңызы

Журналистика – төртінші билік, халық пен билік арасындағы алтын көпір. БАҚ өкілдерін осы саланың басты миссионерлері деуге болады. Бұл сала әлдеқашан қоғамдағы қозғаушы күшке айналды. Қазіргі таңда журналистикамен қатар медиа саласы да бой көтерді. Екеуінің мақсаты бір болғанмен, біршама ерекшеліктері бар.

Медиаға жалпы ақпараттық кеңістік жатады. Бүгінгі көптің көңілін аударған YouTube, Telegram, Instagram секілді мобильді қосымшалар – медианың бір бөлігі.

Қазіргі таңда азаматттық журналистика ұғымы дамуда. Бұл орайда, ғаламтор кеңістігінде тәуелсіз ақпараттық сайттар мен жаңалықтар көбейгені айқын. Мақалаларды еркін түрде жариялайтын жеке, танымдық сайттар жеткілікті. Мысалы, Bal Bal kz, Massaget kz сынды сайттар қарқынды дамығанын көріп жүрміз. Олар журналистиканың жаңа сатыда дамуына септігін тигізетіні анық. Азаматтық журналистика тыста қалмау керек, оның ерекшелігі – оқырман аудиториясының қатысуы, пікір білдіруі, оған қоса, ақпарат жинауға қатыстырылуы. Ғаламторда жарияланған мақалаларға азаматтар өз пікірлерін еркін жаза алады. Бұл – интернеттік журналистиканың құрамдас бөлігі. Осы бағыттың көзі ретінде күнделікті тіршілік түйткілдері, әлеуметтік проблемалар көптеп қозғалады.

Осы жерде «Азаматтық журналистика мемлекетке көмек бере ала ма?» деген сұрақ мазалауы мүмкін, бұның жауабы, әрине, көмегі саяси тұстарда мол. Бұл сала сайлау сынды маңызы бар басқа да дүниелерге азаматтарды қатыстыруға әрекеттенеді. Сол себепті азаматтық журналистиканы қоғамдық ой-пікірге әсер ететін құбылыс ретінде тануға болады. Осы ретте ақпараттық журналистикаға блогтар, моблогтар жататынын айта кету керек. Бенжамин Паарманның «Блог арқылы адамдар бірлесіп, көздеген мақсатына жетеді немесе қарама-қарсы көзқарастарды диаметрлі түрде салыстырады. Мемлекеттің тәуелсіз БАҚ-тары аз болатын жағдайда, блогтар үлкен рөл атқара алады. Блогтағы ақпарат оқиға ортасына алынады және қосымша ақпарат болып саналады» деген пікірі азаматтық журналистиканың жан-жақтылығын сипаттайды.

Блогинг елдер арасындағы шекараға мүлде байланбастан жұмыс жасайды, сонымен қатар салалық журналистиканы дамытуға атсалысады. Мысалы, әр бағытқа арналған нақты блогтар болады. Әркім өз саласы немесе өз қызығушылығын жазып жарияласа, келесі оқырман оны нақтылықпен оқитыны анық. Мысалы, математика пәнінің мұғалімі өз саласы туралы, өз бағытындағы қызықты мәлеметтермен бөлісіп, мақала жариялауы мүмкін. Оны математикаға талапкер оқып, керегіне жаратуы – игілік. Бұл – азаматтық журналистика. Дэн Гиллмордің «Азаматтық журналистика – бұл адамзат үшін адамдар жасаған журналистика» деген сөзі – азаматтық журналистиканың кемелі халықта екенінің дәлелі.

Ең бастысы, бұл саланы игілікті түрде қолдану. Оның кәсіби бағытын, азаматтық, медиалық заманауи бағыттарын дамыту арқылы адамзатты кемелдендіруге болады. Себебі бұл – пайдалы пропаганда жасаудың таптырмас құрылғысы. Баспасөздер және газет-журналдардың өзектілігі төмендегені рас. Сондықтан да халықты жаңалықпен медиа және азаматтық журналистика қамтамасыз етіп отыр деуге болады. Жалпы, журналистика саясатта да үлкен рөл атқарады.

Демократиялық қоғамның келбеті азаматтық журналистика болғандықтан, тілшілер қалам тербемейтін сала қалмаған қоғамда азаматтық журналистиканың Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы үшін маңызы зор. Партия мен халық арасында қарым-қатынас орнатып, мәселелердің шешімін табу жолында өзіндік рөлі бар. ЖСДП азаматтық журналистиканың дамуын қолдайды.

Мирамбек Камалов

Смотрите также:
Депутатские запросы
02.05.2024
Наурыз Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сау
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.