Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Ә.А. Смайыловқа Депутаттық сауал

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Менің депутаттық сауалым нақты уақыт режимінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушысы мен теңгерімдеуші нарығының моделін енгізуге қатысты. Бұл өзгерістер 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енгені белгілі.

Жаңа модель бойынша көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын көздерден емес, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС ретінде айқындалған Бірыңғай электр энергиясын сатып алушыдан сатып алады.

Енді барлық көтерме саудагерлер, кепілдік беретін жеткізушілерден басқалары, Біріңғай сатып алушыға күнделікті алдын ала төлемді төлейді. Бұл ретте, тұтынушылар алдын ала қызметтер үшін ақы төлемейтіндігі белгілі. Осыған байланысты, электр желілері компанияларында кассалық алшақтықтар пайда болуда, бұл жалақыны кешіктіруіне, салық төлеу мерзімін бұзуына және инвестициялық бағдарламаның орындалуының тоқтауына әкелуі мүмкін.

Тәулігіне алдын-ала төлем 24 болжамды «өзгермелі» тарифтер бойынша есептеледі, одан әрі 24 нақты тариф бойынша қайта есептеледі. Мұның бәрі бюджетті жоспарлауда қиындықтар туғызады және тұтынушылардың мойнына түсетін шығындардың өсуіне әкеледі.

Бұл ретте, монополистер ұлттық электр желісін пайдаланғаны үшін «KEGOC» АҚ-ның жаңа қызметіне ақы төлеуі тиіс. Бұл шығындар бұрын электр желілері компанияларының қолданыстағы тарифтерінде ескерілмеген.

Осылайша, Бірыңғай сатып алушы моделінің енгізілуіне байланысты, 2023 жылдың екінші жартысында «Астана-АЭК» АҚ үшін шығындар салықты (ҚҚС) есептемегенде 2,65 млрд теңгені құрайтын болады. Олар тарифтік сметада қарастырылмаған, сондықтан компания үшін тиімсіз болуы мүмкін.

Бұл ретте, 2022 жылғы шілдемен салыстырғанда 2023 жылғы тамызда 22,5% өсіммен Астана қаласы Қазақстанда тарифтердің өсуі бойынша бесінші орында тұр. Ол 100 кВт/сағ тарифтің бірінші деңгейі үшін (электр плиталарын пайдаланатын халық үшін) 1196 теңгеден 1466 теңгеге дейін өсті.

Өз кезегінде, электр энергиясы құнының өсуі барлық басқа да коммуналдық қызметтердің, соның ішінде су бұру мен сумен жабдықтаудың, жылу берудің және басқалардың бағасының өсуіне әкелетіні белгілі, өйткені суды көтеру, түсіру және тазарту үшін электр желісінен қуат алатын сорғылар мен жабдықтар қолданылады.

Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Қазақстанда коммуналдық қызметтердің құнын арттыруға мораторий қолданылды. Мораторий жойылғаннан кейінгі бірінші күні, 1 шілдеде ҚР Энергетика министрлігі 26 энергия өндіруші станцияның тарифтерін көтерді. Содан кейін, бұл тек бастамасы екендігін жариялады.

2023 жылғы тамыздағы жағдай бойынша біз жыл ішінде электр энергиясына тарифтің ең үлкен өсуі Қарағанды облысында – 44%-ға, 1280 теңгеден 1677 теңгеге дейін болғанын байқап отырмыз.

Екінші орында – 27,6% өсіммен Алматы облысы (100 кВт/сағ тарифтің бірінші деңгейі үшін 1756 теңгеден 2160 теңгеге дейін (электр плиталарын пайдаланатын халық үшін).

Бұдан кейін, Алматы қаласы мен Жетісу облысы, бұл жерлерде тариф 25,6%-ға (1753 теңгеден 2203 теңгеге дейін) өсті.

Бірыңғай сатып алушы моделін енгізудің басты мақсаттарының бірі бүкіл Қазақстан бойынша тарифтерді теңестіру болған еді. Мұндай проблема шынымен де бар, – қазіргі уақытта электр энергиясы нарығында ең қымбат тарифтің ең төменгі тарифке айырмашылығы 3,3 есені құрайды. Егер Атырау облысында ең арзан тарифпен ол 666 теңгені құраса, Алматы қаласы мен Жетісу облысының тұрғындары ол үшін 100 кВт/сағатқа 2203 теңге төлейді.

Алайда, тарифті ортақ бөлгішке келтірудің өзі қазақстандықтардың көпшілігінің қалтасына ауыр тигізеді. Өйткені, тарифі орташа деңгейден төмен өңірлер санаулы.

Жоғарыда айтылғанға байланысты, келесі сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз:

  1. Бірыңғай сатып алушы моделін енгізуге байланысты еліміздің қай өңірлерінде электр энергиясына тарифтер қымбаттайды және қаншалықты?
  2. Бұл басқа коммуналдық қызметтердің құнына және аймақтың инфляциясына қалай әсер ететін болады?
  3. Үкімет қандай жағдайда Бірыңғай сатып алушының моделін табысты деп есептейтін болады? Егер модель өзін ақтамаса, келесі жоспарларыңыз қандай? Нәтижелілік бойынша қорытындыларды қай уақытта жасайсыз?
  4. Шын мәнінде, бірыңғай сатып алушы – бұл шығындары тарифтің құнына кіретін жаңа делдал. Өз кезегінде, ол электр энергиясын бөлетін болады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеледі. Процестің ашықтығы үшін қандай шаралар қолданылатын болады? «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес депутаттық сауалды қарау нәтижелері туралы заңда белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруді сұраймыз.

Құрметпен, Жалпыұлттық социал- демократиялық партиясы фракциясының депутаттары
Н. Әуесбаев А. Рақымжанов А. Сағандықова Н. Сайлаубай

Смотрите также:
Депутатские запросы
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.
27.12.2023
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Министру здравоохранения. Министру труда и социальной защиты