Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.А. Смайыловқа бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жағдайына қатысты депутаттық сауал

Депутаттық сауал

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Бұл депутаттық сауал қазақстандықтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жағдайына байланысты туындап отыр.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жариялаған мәліметтеріне сәйкес қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 1,54 трлн теңгеге (11,4%) өсті. Ай сайын 2 млн-нан астам қазақстандық зейнеткерлер төлемдермен қамтамасыз етілуде. Қазір жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 798 теңгені құрап отыр.

Екі айда кірістілік көрсеткіші 3,2% құрады. Бұл ретте, Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес инфляция деңгейі 18,1%-ды (2023 жылғы ақпанда – 21,3%), ал азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда – 20,5%-ға (2023 жылғы ақпанда – 26,2%), азық-түлік емес тауарлар – 18,1%-ға (2023 жылғы ақпанда – 20,5%) және ақылы қызметтер – 14,4%-ға (2023 жылғы ақпанда – 15%) өсті.

Егер бұл көрсеткіштерді инфляция деңгейіне индекстесек, онда ешқандай табыс жоқ екенін байқаймыз.

Заңнама алушыларға зейнетақы жасына жеткен кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген жарналар мөлшерінде, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жарналарының сақталуын қамтамасыз ететініне мемлекет кепілдік береді.

Сонымен қатар, егер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндеттемелерді орындамаса, онда мемлекет өзі бюджеттен өтейді. Бірақ бұл өтемақы мөлшері өте үлкен болуы мүмкін және елдің бюджеті оны игере алмауы тәуекелі бар.

Бүгінгі таңда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қордың салымшылары 11 млн-нан астам қазақстандық болып табылады және дәл осы есебінен Қор салымшылар алдындағы өз міндеттемелерін орындауды жалғастыруда.

Біздің ойымша, әрбір қазақстандыққа қарттық жасқа келгенде лайықты зейнетақы болады ма деген ой келеді?

Құрметті Әлихан Асханұлы, зейнетақы жинақтарының жай-күйі қандай? кірістер мен инфляция арасындағы айырмашылықты азайту үшін Үкімет қандай шаралар қолдануда?

Құрметпен,Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының депутаттары
Н. Әуесбаев, А. Рақымжанов, А. Сағандықова, Н. Сайлаубай

Смотрите также:
Депутатские запросы
02.05.2024
Наурыз Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сау
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.