Біздің депутат Шымкенттегі су тазарту мекемесіне жоғары баға берді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ЖСДП фракциясының мүшесі Ажар Сағандықова Шымкент халқын таза ауыз сумен қамтып отырған “Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-і жұмысымен кездесті.

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-і осыдан 27 жыл бұрын құрылып, бүгінде 1 миллион 200 мыңнан астам адамды таза ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр.

Ажар Сағандықова осы мекеменің қызметкерлерімен кездесіп, орталық диспетчерлік қызметтің жұмысы, экономикалық көрсеткіші, суды бақылау, өндіру және тарату кезінде пайдаланылатын соны технологиялармен танысты. Мұндағы жағдайдың оң шешімдер негізінде жүзеге асырылып жатқанын өз көзімен көрген ЖСДП фракциясының мүшесі ұжым қызметкерлері мен басшылықтың жұмысына ризашылығын білдірді.

Депутат Ажар Сағандықова сумен жабдықтау және су бұру саласының мамандары ұдайы біліктілігін арттырып, тәжірибесін шыңдап отыратын "Smart маман" оқу орталығына арнайы келіп ұжыммен пікір алмасты.

Кездесуден соң елімізде ғана емес, ТМД-да үздік саналатын Шымкент шайынды су қабылдау кешеніне барып, шайынды суды тазарту процесіның жұмысын көрді. Мұндағы биотехнологиялық зертхананың тыныс-тіршілігімен танысып, мамандардың пікірін тыңдады. Бүгінгі күні инновациялық шешімдер мен “Айдро процесс" технологиясы арқасында шайынды судан шығатын жағымсыз иіс жоғалып, артық тұнба мөлшері 95% - ға азайған. Бұл туралы мамандар түрлі тәсілдерді де көрсетті. Ең қуанарлығы шайынды су бұрынғыдай сыртқа шығарылмайды. Жоғары сапада тазаланған шайынды су Ордабасы ауданының дихандарына дәнді-дақылдарды, егістік жерлерді суару үшін жіберілуде.

Ажар Сағандықова "Су ресурстары Маркетинг" ЖШС жұмысына және көрсетілетін қызметтердің сапасына жоғары баға беріп, мекеменің тәжірибесін басқа өңірлерде насихаттау керегін жеткізді. Сайлаушылар мен мекеме ұжымы ЖСДП фракциясының мүшесіне мекеме жұмыстарына шынайы баға бергені үшін өз разылықтарын білдірді.

ЖСДП баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы
29.01.2025
Депутаттық сауал, Қазақстан Республикасының Премьер-министрдің орынбасары Дүйсенова Тамара Босымбекқызына жолдаймыз
15.01.2025
Депутатксий запрос Премьер-министру РК Бектенову О.А.
18.12.2024
Депутатский запрос Премьер-министру РК Бектенову О.А., министру экологии и природных ресурсов РК Нысанбаеву Е. Н.
27.11.2024
Депутатский запрос премьер-министру РК, КНБ, АРРФР, НБ, МЦРИАП, МВД
06.11.2024
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі О.А. Бектеновке
23.10.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Министру здравоохранения Министру труда и социальной защиты населения РК
16.10.2024
Депутатский запрос первому вице-премьер-министру Республики Казахстан Роману Васильевичу Скляру.
16.10.2024
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Васильевич Склярға депутаттық сауал
09.10.2024
Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне депутаттық сауал