БҚО жұрты медициналық көмектің қолжетімсіздігіне қапалы

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы БҚОФ-да денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің, мемлекеттік органдардың және Октябрь ауылының тұрғындарының қатысуымен жиналыс өтті. Кездесуде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) салымдары болмаған кезде емханалардың медициналық көмек көрсетуден бас тартуы мәселесі көтерілді.

Кездесудің себебі – Октябрьское ауылындағы қайғылы жағдай. Онда 60 жастағы ауыл тұрғыны медициналық көмек алмай қайтыс болды, өйткені оның МӘМС аударымдары болмағандықтан, медициналық көмек ала алмаған. Ауыл тұрғындарының көпшілігі ресми түрде жұмыс істемейді және сәйкесінше медициналық-әлеуметтік аударымдары жоқ, олар осындай қайғылы жағдайға тап болуымыз мүмкін деп алаңдайды.

Оқиға туралы ауыл тұрғыны Лариса Могила айтып берді. Тұралбек Биғалиев үйде 15 жасар ұлы Едігенің қамқорлығында жатқан, баласы әкесіне қамқорлық жасау үшін оқуын тастап кетуге мәжбүр болған. Олар газ және жарық төлемдерін төлей алмағаны үшін коммуналдық қызметтер көрсету орындары жылумен жабдықтауды тоқтатты, ал кәмелетке толмаған бала (қайтыс болған) әкесімен осындай шарасыз күйде қалды.
Ларисаның айтуынша, әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің ешқайсысы отбасына көмек көрсетпеген.

‒ Дегенмен, біз әкімдік пен мектепке хабарладық, сонда да ешкім келмеді. Бала осы уақыт бойы тамақсыз, жарықсыз және жылусыз болды. Біз ауыл тұрғындары болып өзіміз оған тамақ апардық және 180 мың теңге көлемінде болған жарық қарызының бір бөлігін төлеп, оларға уақытша жарық қосылды. Мен бұл отбасын бұрыннан білемін, марқұм әрқашан еңбек етті, кез-келген жұмысқа орналасты, онымен бірге ұлы да толық емес жұмыс істеді. Жұбайымен ажырасқан. Мен оларға барғанымда, айқайлап жатқан Тұралбектің қорқынышты бейнесін көрдім, бала оның жөргектерін ауыстырып, су беріп жүрді. Бала әкем үнемі айқайлайды, оны ауруханаға жатқызу керек деген. Ал бізге – ауыл тұрғындарына медициналық көмек іс жүзінде қолжетімсіз, тіпті ауылда фельдшер де жоқ, Дарьинск ауылына бару керек. Көптеген тұрғын жұмыссыз және қосалқы шаруашылық есебінен өмір сүреді. Кейбірі жазда егістікке, маусымдық жұмыстарға баратын жеке тұлғаларда жұмыс істейді, өте аз ғана адам ресми түрде жұмысқа орналасады. Мұндай жағдайда ауыл тұрғындары не істеуі керек? – деп сұрақ қойды Лариса Могила мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне.

Кездесуге қатысқан марқұмның ұлы Едіге Биғалиев соңғы айларда әкесіне қалай қарағанын айтып берді. Бала әкесінің бұрын ауруханаға барғанын, қараша айында ауруханада емделгенін, содан кейін үйге жіберілгенін түсіндірді. Бірақ, баланың айтуынша, үйде қандай да бір медициналық көмек алған жоқ. Әкесі қатты ауырып айқайлауды тоқтатпаған кезде, бала жедел-жәрдем шақыртып, фельдшер тек инъекция жасап, кетіп қалған. Соңғы кездері оларға туыстары мен көршілері келіп, азық-түлік әкелгенін, сондай-ақ, бала қарыздары үшін газды кесіп тастағанын, айыппұл салынғанын растады. Өйткені төлеуге мүмкіндік болмаған. Сонымен қатар, әкесінің ауруына байланысты бала оқу уақытының көпшілігін өткізіп алды, мектеп бағдарламасынан едәуір артта қалды. Енді міндетті оқыту бағдарламасын қуып жету үшін мұғалімдерден қосымша сабақ алуы қажет.

ЖСДП БҚОФ басшысы Анаргүл Әбенова: «Қиын жағдайға тап болған отбасының көршілері бізге оқиғаның себептерін түсіндіріп, балаға көмек көрсету үшін жүгінді. Себебі жылу мен газ үшін 380 мың теңгеге жуық қарызы бар, ал оны төлейтін мүмкіндігі жоқ. Біз коммуналдық қызметтер мен тиісті мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу ұйымдастырып, бұл мәселені бірлесіп шешу жолдарын қарастырдық», - деп атап өтті.

Жергілікті жерде уақытылы медициналық көмек алу қиын болып тұрғаны, ауылда тұрақты жұмыс болмағандықтан, адамдар медициналық сақтандыру төлемін төлей алмай жатқаны мәселеге айналғанымен «ЖайықЖылуҚуат» АҚ бас директорының орынбасары Бекболат Камешов те келісті. Ол жұбайы жұмыссыз болғандықтан, емхана оны алғашқы қабылдаудан бас тартқанын айтты.

– Мен МӘМС үшін үнемі төлем төлеймін, бірақ 10 жыл ішінде ешқашан медициналық көмекке жүгінген емеспін. Онда менің жарналарым әйеліме көмектесу үшін жеткілікті жинақталған. Бірақ емхана оны қабылдаудан бас тартты. Ұзақ уақыт бойы медициналық көмекке мұқтаж болмасаң, неліктен сол жарналарды бір отбасы мүшесінің екіншісіне пайдалануға болатындай етіп жасауға болмайды? Бұл қаражат қайда жұмсалып жатыр? – деді Бекболат Камешов.

Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Лунара Шаймарданова баяндалған фактілер бойынша қызметтік тексеру жүргізілетінін түсіндірді. Сондай-ақ, ол Тұралбек Биғалиевке дәрігерлер паллиативтік көмек көрсетуге және науқастың медициналық сақтандыру қорында сақтанушы мәртебесінің болмауына қарамастан, ауырсынуды басатын дәрілерді тегін беруге міндетті екенін және алғашқы консультативтік тегін медициналық көмек көрсетілетінін атап өтті.

– Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен стандартқа сәйкес, паллиативтік медициналық көмек мемлекеттік шеңберде, оның ішінде, үйде, мобильді бригадаларды пайдалана отырып, медициналық сақтандыру қорының жүйесінде пациенттің мәртебесіне қарамастан көрсетіледі. Біз аудандық аурухана неліктен Биғалиевке паллиативтік көмек көрсетпегенін және жедел жәрдем бригадасы неге ол туралы ақпаратты ауруханаға бермегенін анықтаймыз, – деді Шаймарданова.

ЖСДП Батыс Қазақстан облыстық филиалы


Смотрите также:
Депутатские запросы