Депутат Нұрлан Әуесбаев былтыр ғана іске қосылған шыны зауытына барды

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әуесбаев өңірлерге іссапары аясынба Қызылорда қаласындағы «Orda Glass Ltd» ЖШС — шыны зауытының жұмыс барысымен танысып, ондағы мәселелерді тыңдап қайтты.

Қызылорда индустриалды аймағындағы шыны өндіру зауыты «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы аясында өткен жылдың қазан айында іске қосылған. Операторы – «Orda Glass LTD» ЖШС. Зауыт бүгінгі күнге дейін 167 мың тоннаға жуық шыны өнімін өндіріпті. Өнімнің жалпы құны – 13,1 млрд теңге. Негізгі міндет – ішкі нарықты табақша шыны өнімдерімен қамтамасыз ету. Сол себепті де елдегі алғашқы инновациялық шыны өнімі барлық қалаларға жіберілуде. Бұған қоса, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан республикаларына жөнелтілуде.

«Orda Glass Ltd» ЖШС-ның өндіріс бөлімі басшысының орынбасары Ғалымжан Қуатовтың айтуынша, зауытқа Қытай инвесторлары 42 млрд теңгенің көлемінде инвестиция салған. Қазіргі уақытта зауыт заманауи технологиямен толыққанды жұмыс істеп тұр. Дей тұрғанмен, алдынан шыққан кедергілер де жоқ емес.

«Мұнда 372 жұмысшы бар, оның ішінде 102 адам - қытай, 270-і - қазақ азаматы. Қызылорда облысы мен қаласының төңірегіндегі жергілікті тұрғындар еңбек етіп жатыр. Біз өнімді әртараптандыру мақсатымен түрлі-түсті шыны шығарып жатырмыз. Зауытта айтарлықтай үлкен мәселе жоқ, бірақ шыны өндірісі Қазақстанда алғашқы рет қолға алынып отырғандықтан, түрлі-түсті шынының сәйкестік сертификатын ала алмай жатқан жайымыз бар. Себебі республикамыздың төңірегінде түрлі-түсті шыныны тексеретін зертхана болмай тұр. Бірақ қазір «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және басқа да тиісті мекемелер арқылы бұл мәселені шешу үстіндеміз. Бүгінгі таңда ЕАЭС-тың 111-2014 ГОСТ-ы бойынша жұмыс жасағаннан кейін ЕАЭС зертханасы негізінде, соның протоколы арқылы сәйкестік сертификатын алып, ары қарай жұмысты жалғастыруға мүмкіндігіміз бар.

Сонымен қатар, өздеріңізге белгілі, Ресей Федерациясы Еуропа, АҚШ тарапынан санкцияға ілігіп, дайын өнімдерін аталған елдерге сата алмай отырғандықтан, Орта Азияның нарығын жаулап алу мақсатымен бізге демпинг жасап жатыр. Мысалы, дайын өнімдерін Ресей нарығында қымбат сатса да, Қазақстан мен Орта Азия нарығына өзінің ішкі нарығынан қарағанда арзан бағамен әкеліп сатып отыр», – дейді «Orda Glass Ltd» ЖШС-ның өндіріс бөлімі басшысының орынбасары Ғалымжан Қуатов

Жалпы, шыны шыны өндіру жобасын жүзеге асырудағы басты мақсат – сырттан келетін тауарға тәуелділікті азайтып, импорт алмастырушы өніммен еліміздің экономикасын қамтамасыз ету. Мұндағы құрал-жабдықтар Еуропадан, АҚШ-тан әкелінген. Бұған дейін шыны өнімі 100% импортталып келді. Отандық шыны зауытының іске қосылуы нарықтағы шыны өнімдерінің бағасын 50%-ға дейін төмендетуге ықпал етіпті. Мәселен, былтыр қалыңдығы 4 мм шынының 1 метр кубы 2200 теңге болса, қазір 1250 теңгені құрайды. Алайда шыны өндірісінде жоғары білікті маман аз. Ал зауытта қолданылатын флоат-технологиясының баламасы жоқ. Қазір қытайлық мамандардың шыны өндіру және өндірістің техникалық салаларында мол тәжірибесін ескере отырып, жергілікті мамандарды оқыту және шыны шығару технологиясын меңгеруді үйретуде екен.

Депутат Нұрлан Әуесбаев: «Шыны зауыты – осы аймақтағы ірі өндіріс орындарының бірі. Ондағы технологиялық процестердегі негізгі компененттер осы жергілікті жерден шығады. Мысалы, кварц құм және шыны шығаруға қажетті құмның басқа да түрлері бар. Мұндағы жұмысшылардың құрамын алып қарасақ, қытай мен қазақтар тепе-теңдікте және ең жақсы тұсы – келісім мен инвестжобада қазақстандық жұмысшыларға технологияны қолдануды үйрету, оқыту, тәжірибе жинақтауға жағдай жасау мәселелері қарастырылған. Қарапайым жұмысшылардың да, инженерлердің де арасында қазақ азаматтарының саны басым екен. Бұл қуантады», – деп атап өтті.

Смотрите также:
Депутатские запросы
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.
27.12.2023
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Министру здравоохранения. Министру труда и социальной защиты