Фармацевтика саласында мәселеле көп

Фармацевтика – халықтың денсаулығын қамтамасыз етудің маңызды салаларының бірі. Ақтөбе қаласы Қазақстандағы медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету орталықтарының бірі. Дегенмен, қалада бұл салада да бірқатар мәселелер бар. Атап айтқанда, дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауы, тапшылығы, сапасыз өнімдер және фармацевт мамандарының жетіспеушілігі де саланың дамуына өз кедергісін тигізіп отыр.

ЖСДП Ақтөбе облыстық филиалының қызметкерлері қаладағы дәріханаларды аралап, қала тұрғындарымен тілдесті. Мақсат тұрғындардың пікірін білу. Жұрттың сөзінше, дәрі-дәрмек бағасы соңғы жылдары едәуір қымбаттаған. Бұл инфляция, импорттық дәрілерге тәуелділік және логистикалық шығындардың өсуімен байланысты. Әсіресе, әлеуметтік осал топтар үшін қымбат дәрілер қолжетімсіз болып отыр. Қала тұрғындарының айтуы бойынша дәріханалардағы дәрі бағасының әртүрлілігі оларды әуіреге салып отырған көрінеді. Дәріханада 1000 тг тұратын белгілі дәрі екінші күні сол дәріханада 1500-1600 тг саиылады. Әсіресе мезілге сай аса қажеттілік туындаған дәрілердің бағалары тез өзгеріп отырады екен.

Ал кәсіби фармацевт мамандарының тапшылығы өз алдына бөлек әңгіме. Тұрғындардың айтуынша бұл жағдай дәріханаларда халыққа сапалы кеңес беру мүмкіндігінің төмендеуіне алып келеді екен.

ЖСДП АОФ төрағасы дәріхана қызметкерлері өз бетінше емделгісі келетін адамдарға кеңес бермеуі керек деп есептейді. Себебі кейбір денсаулығы нашарлаған науқас дәрігерге бармай өз бетінше ем алғысы келіп бірден дәріхана маманынан кеңес сұрайды. Бұл өз кезегінде тіпті денсаулыққа үлкен қауіп төндіруі мүмкін.

Қорытынды бойынша Ақтөбе қаласында фармацевтика саласында бірқатар маңызды мәселелердің бары тіркелді. Олар, дәрі-дәрмек бағасының өсуі, сапасыз өнімдердің сатылуы, маман тапшылығы т.б. Бұл проблемалар халықтың денсаулығына әсер етуде. Аталмыш түйткілдерді шешу үшін кешенді шаралар қабылданып, мемлекеттік және жеке сектордың бірлескен жұмысы қажет-ақ. Мәселе бойынша алдағы уақытта саладағы құзырлы орындармен бірлескен отырыс өткізу де жоспарланды.

ЖСДП АОФ төрағасы Майлишов Б. Б.