«Инклюзивті қоғам мәселелерімен айналысатын ҮЕҰ-ның ІI - республикалық слеті» өз жұмысын аяқтады

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ұйымдастырған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен оннан астам ҮЕҰ- дардың өкілдері келіп қатысты.

Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған шараға ЖСДП фракциясының мүшелері мен депутаттардан бөлек мемлекеттік органдардың өкілдері де арнайы келді. Шараға қатысушы инклюзивті білім беру саласы бойынша қызмет атқаратын ҮЕҰ өкілдері мен қарапайым ата-аналар саладағы түрлі мәселелердің шешілу жолдарына байланысты сауалдарын ортаға салып, құзырлы орындардың өкілдерінен тиісті жауаптарын алды.

Маман даярлаудан бастап ерекше қажеттілігі бар азаматтарды дамыту мен оқытудың кешенді әдістемелерінің жоқтығы туралы да мәселелер көтерілді.

Слетте сөз болған мәселелерді ЖСДП фракциясының депутаттары алдағы уақыттарда парламенттік отырыстарда депутаттық сауал ретінде жолдайтындықтарын айтты. Өз кезегінде құзырлы орындардың өкілдері де мәселелердің шешілу жолдарын оң бағытқа бастаудың тетіктерін қарастыруды қолға алатындықтарын жеткізді.

ЖСДП ұйымдастырған шараның басты мақсаты, еліміздегі инклюзивті білім беру бойынша әлеуметтік жобалар саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ өкілдері арасында диалог пен ынтымақтастық алаңын құру, оның ішінде мүгедектігі бар жандармен жұмыс істейтін жеке тұлғалар мен ұйымдардың жұмысын насихаттау болды.

ЖСДП баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы