Инклюзия саласында қызмет көрсететін орталықтар тапшы

Ақтөбе облысында инклюзия саласындағы қызмет көрсету орталықтарының тапшылығы байқалады. Соңғы жылдары бұл салада елеулі жұмыс жүргізілгеніне қарамастан, жалақының аз болуы себепті арнайы оқытылған білікті мамандар мен сапалы оқу материалдары жетіспейді. Осыған орай, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Ақтөбе облыстық филиалы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Жас ұрпақ» орталығындағы оқытушылармен кездесіп, пікір алмасты.

Жылдан жылға облыс көлемінде инклюзивті білім алуға мұқтаж, әсіресе психологиялық ауытқулары бар балалар саны өсіп жатыр. Бүгінде мектеп жасындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар саны еліміз бойынша 126 мыңнан астам баланы құраса, оның 7321 біздің облысымызға тиесілі. Оларға 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (есепте 7321 бала тұр), 14 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті (1824 бала), 1 аутизм орталығы (308 бала), 1 оңалту орталығы (бір жылда 120 бала) қызмет көрсетеді.

«Жас ұрпақ» орталығында сөйлеу дамуының кешігуі (ЗРР), психикалық дамудың кешігуі (ЗПР) және аутизм спектрінің бұзылуы бар балалар оқиды. Мамандардың пікірінше, ерекше балаларды оқыту кезінде баланың мінез-құлқын түсіну және өзгерту принциптеріне негізделген инновациялық тәсілдер қолданылады. Балаларды оқытып қана қоймай, күнделікті тапсырмаларды орындауға үйретеді. Өкінішке қарай, бұл әдіспен білім беретін мамандар шетелде оқытылады. Инклюзия саласында АВА әдісін қолданатын оқыту орталықтарының, әсіресе жеке және мемлекеттік орталықтардың тапшылығы, сондай-ақ, көмек алуға арналған кабинеттердің болмауы байқалады.

Инклюзивті білім беру бүгінгі күні оқушылардың тең және тосқауылсыз білім алуына, ұжымдық іс-шараларға қатысуға, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау үшін қажетті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Барлық баланың қажеттілігін ескере отырып, ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы мектепте оқыту білім беру процесінің дамуына ықпал етеді. Егер жаңа инновациялық әдістерді қолдана отырып, ақыл-есі кем және ерекше білім беруді талап ететін балаларға арналған балабақшалар мен мектепке дейін білім беретін оқу орындарына ерекше назар аударылса, бала жалпыбілім беретін мектеп немесе арнайы мектептерге ауысқаннан кейін сыныпта оқу процесін ұйымдастыру тиімдірек болады.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы

Ақтөбе облыстық филиалының қызметкері

Диана Биксариева

Смотрите также:
Депутатские запросы
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.
27.12.2023
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Министру здравоохранения. Министру труда и социальной защиты