Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің «Әскери-патриоттық тәрбие: жай күйі және проблемалық мәселелерді шешу жолдары» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысында депутат, ЖСДП Төрағасы Асхат Рахымжанов, қазақтың батыр ұлы, кезінде Израиль армиясының бүтін бір буынын тәрбиелеуде үлкен маңызға ие болған тұлғасын жастар арасында дәріптеуді жақсылап тұрып қолға алу керектігі туралы мәселе көтерді.
Депутат жастарды тәрбиелеу мен оларды Отан қорғауға дайындау кезінде жаңа дүние ойлап табу маңызды емес деп отыр.
«Қазақтың маңдайына біткен аса көрнекті қаһарманы бар, оған ескерткіштер тұрғызып, оның құрметіне көшелер мен оқу орындарына атау беріп, фильмдер түсіреміз. Оның тұлғалық келбеті халық арасында әбден сұрыпталды. Мен Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы туралы айтып отырмын. Оның философиялық, тактикалық және теориялық идеялары бойынша кезінде израильдік және кубалық әскери қызметкерлердің бір буыннан астамы дайындалды. Біз білетіндей, Израиль армиясы бүгінде әлемдегі ең мықтылардың қатарында. Момышұлының ұлы еңбектерін қазақстандық жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің негізі ретінде пайдалануға міндеттіміз деп ойлаймын. Қазақтың ұлы қолбасшысының білімі мен тәжірибесін пайдаланбау – меніңше қылмыс»,-деді ол. Сонымен қатар Асхар Рахымжанов ұлтымыздың осындай ұлы тұлғаларын дәріптеуді отбасында да әдетке айналдыру керектігін айтты. Оның сөзінше өзімізде бар асылдарды ысырып қойып өзгенің дүниесіне қызығып, соны біздің санамызға сіңірудің машахаты көп болса да маңызы мен нәтижесі өте төмен екенін алға тартты.
«Бүгін мен әлемдегі ең үздік қолбасшылық ұстанымы бар өзіміздің тамаша үлгіміз бола тұры басқа жаққа қарауды доғаруды ұсынамын! Бұл ұлы тұлға әскери-патриоттық тәрбиенің негізін сонау өткен ғасырда қалап, бізге мұра етіп қалдырды. Мысалы, Бауыржан Момышұлы өзінің кітаптарында «Адам болу – абырой, азамат болу – міндет, патриот болу – парыз»,-деп артына үлкен сөз қалдырды. Біз спортшыларды, әншілерді, мүмкіндігі шектеулі жандарды инклюзия саласын дәріптейміз де, Бауыржан Момышұлы сынды ұлы тұлғаны неге елеусіз қалдырамыз?
Б.Момышұлының беделіне ешкім күмән келтіре алмайды. Яғни, оның сөздері түпкі ақиқат ретінде қабылданатын болады. Біз неге осыны пайдаланбаймыз!?»,-деді.
Біз Отансүйгіштік туралы көп айтамыз, бірақ Момышұлының философиясы мен ой-пікірі қоғамда, әсіресе жастар арасында қаншалықты кең тараған? Бауыржан Момышұлының шығармалары неге міндетті оқу бағдарламаларына енбейді? Осы құндылықтарды жастарға жеткізе алмасақ, жігіттеріміздің әскерде қызмет етуге құштарлықтары арттырып, патриотизмді дамытудың жолын кеңейткен болар едік. «Шынымен нағыз патриоттарды тәрбиелегіміз келсе, қарапайым дүниеден бастайық: бұл кітаптарды қолжетімді ету, оқудың міндетті бөлігі ғана емес, жастардың өз бетімен оқығысы келетін, белгілі бір дәрежеде еліктейтіндей жүйе жасау қажет»,-деді депутат, ЖСДП Төрағасы Асхат Рахымжанов Әскери-патриоттық тәрбие: жай күйі және проблемалық мәселелерді шешу жолдары» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысында.
ЖСДП баспасөз қызметі