Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының ұжымы атынан бүгінгі Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза болған жандардың баршасының отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз!
Апаттан аман қалғандардың тезірек сауығып, қатарымызға қосылып кетуін тілейміз! Бұл қайғылы жағдай баршамыздың қабырғамызды қайыстырып отырғаны рас. Енді мұндай оқыс оқиғалар ешқашан қайталанбасын!
ЖСДП баспасөз қызметі