МАҢҒЫСТАУДА ЕГІНШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНБАЙ ОТЫР

Өңірімізде мал шаруашылығымен қатар егіншілік те қатар дамыған. Қарақия ауданында жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында көтерме кәсіпкерлері, сауда желілері мен егіншілер арасында кездесу өтті.

«Қызылқұм» жеріндегі егіншілердің сұрауы бойынша өткен кездесуде көптеген мәселелер талқыланды. Жиынға Жалпыұлттық социал-демократиялық партия облыстық филиалы төрағасы С.Мыңбаев, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Д.Мұраталиев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары Б.Марқабаев, Қарақия ауданы әкімінің орынбасары М.Тулегенов, жергілікті егіншілер А.Базаров, А.Ұлықпанов, О.Серікбаев және көтерме кәсіпкерлер ЖК А.Таңатаров, ЖК А.Қолтаева сауда желілері «Анвар», «Дина», «Идеал Маркет», «Asia Fruit» ЖШС қатысты. Басты мақсат - жергілікті егіншілерге, тауар өндірушілерді қолдау шыққан өнімінің артық делдалдарсыз тікелей көтерме кәсіпкерлерге жеткізілуі.

Жиын басында егіншілер көтерме сауда орындарының кәсіпкерлеріне наразы екенін ашық айтты. Себебі, саудагерлер өнімді егіншілерден арзан бағада алып, өнімге 100-200 пайыз үстемақымен халыққа қажет тағамдардан пайда көріп отыр. Тұтынушы «неге қымбат?» деп сұраса, бізге де қымбат келіп отыр деп үн қатады екен. Шындықты білмейтін халық соңында бізді кінәлап отыр, - дейді егіншілер.

«Біздің өнім химикатсыз, таза және дәмді, бірақ бізден алмайды. Алған жағдайда 300 теңгеден қияр алса, 800-900 теңгеден сатады. Халық содан бізге ренжіп, өніміміз өтпейді», - деп А.Ұлықпанов өзінің мәселесін айтты.

Ал кәсіпкерлер, шетелден алғанымыз тиімді, ұзаққа жетеді және тұрғындар бірінші өнімнің сыртқы әдемілігін қарайтынын айтады. Ал жергілікті өнімдердің тек сапасы жақсы, ал тұтынушыларға керегі «товарный вид», - деп жеткізді кәсіпкерлер.

Жиын соңында егіншілердің Құрық ауылында сатылымда тұрған жергілікті өнімдерімен таныстырды, көтерме кәсіпкерлер және сауда желілердің өкілдері өнімнің сапасына қызығушылық танытып, жеткізуге тапсырыстар берді.

Сонымен қатар Қарақия және Мұнайлы ауданында орналасқан жергілікті егін шаруашылықтарының өнімін тікелей сату және өткізу бойынша «АСАР-С» және «Көкбазар» сауда базарларындағы көтерме сатушылармен «WhatsApp» мессенджері арқылы ортақ чат құрылған болатын. Аталған чатта егіншілер өздерінің өнімінің көлемін және бағасын ұсынып, көтерме кәсіпкерлер қажетті көлемін алуға ортақ келісімге келуде.

Смотрите также:
Депутатские запросы
04.09.2024
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС АЖАР САГАНДЫКОВОЙ МИНИСТРУ СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА
19.06.2024
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС А.САГАНДЫКОВОЙ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРУ РК БЕКТЕНОВУ О.А.
12.06.2024
Сайлаубай Н. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлына депутаттық сауал
29.05.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-Министру Республики Казахстан Бектенову О.А.
22.05.2024
Су айдындарында браконьерлікке қарсы күрестің проблемалық мәселелеріне қатысты өзінің депутаттық сауал
22.05.2024
Депутатский запрос касательно проблемных вопросов борьбы с браконьерством на водоемах
15.05.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Заместителю Премьер-Министра Республики Казахстан Дуйсеновой Тамаре
02.05.2024
Н.Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сауал
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева