Маңғыстаулық шахматшылардың басын қосты

25 сәуір күні Маңғыстау облысында шахмат сүйер қауым үшін есте қаларлық ерекше оқиға орын алды. Облыстық ЖСДП филиалы мен “Король” шахмат клубының ұйымдастыруымен шахматтан өзгеше форматтағы турнир өтті. Бұл шара – тек спорттық бәсеке ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтатын рухани мереке болды. Турнирге жалпы 100 адам қатысты. Оның 70-і – мектеп жасындағы жеткіншек балалар болса, 30-ы – зейнет жасындағы қариялар. Әр буын өкілдері шахмат тақтасында ой-өрісті, сабыр мен парасатты серік еткен ойыншылар өзара тәжірибе алмасты. Ақыл-ойды шыңдайтын бұл додада жас та, үлкендер де барынша белсенділік танытты. Жарыс соңында үздік ойыншылар мен ерекше көзге түскен қатысушылар түрлі сыйлықтар мен қоса сайыс медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен – ЖСДП партиясының белсенділері мен өңір кәсіпкерлеріне айырықша алғыс айтылды. Бұл ЖСДП партиясының қоғамның әлеуметтік-мәдени өміріне белсене араласып келе жатқанын айғақтайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Аталмыш турнир шахмат арқылы ұрпақтар диалогын орнатып, бірлік пен парасаттылықты дәріптеудің жарқын үлгісіне айналары анық.

Смотрите также:
Депутатские запросы