Мәдениет министрлігінің депутаттық сауалға жауабы: «200-ден астам анимациялық фильм жарыққа шықты»

ㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤ Қазақстан Республикасы

ㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤ Парламенті Мәжілісінің депутаттары

ㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤ Н. Сайлаубайға

ㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤ Н. Әуесбаевға

ㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤ А. Рақымжановқа

ㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤ А. Сағандықоваға ㅤㅤㅤㅤㅤ ㅤㅤㅤㅤㅤ ㅤㅤㅤ ㅤㅤㅤ

ㅤㅤㅤ

2023 жылғы 2 маусымдағы № ДС-216 депутаттық сауалға

ㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤҚұрметті Депутаттар!

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Cіздердің анимациялық фильмдер туралы жолдаған депутаттық сауалдарыңызды қарап, келесіні хабарлайды.

Министрлік отандық анимация индустриясын дамыту мақсатында мемлекеттік тапсырыстар мен тапсырмалар шеңберінде, жыл сайын бекітілетін Ұлттық фильмдер шығару бойынша тақырыптық жоспарға сәйкес, анимациялық фильмдер шығарып келеді.

Әмен Қайдаров негізін қалаған отандық анимация саласының алғашқы мультфильмі «Қарлығаштың» құйрығы неге айыр» атаумен 1967 жылы түсірілді. Сол жылдардан бері 200-ден астам анимациялық фильмдер түсірілген.

Бұл ретте, 2022 жылы «Қарлығаштың» құйрығы неге айыр» және «40 өтірік» анимациялық фильмдері Ресей Мемлекеттік кино қорында цифрландырылып, «Қазақфильм» киностудиясының базасында мемлекет қаражаты есебінен реставрациядан өтті.

«Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ 2009 жылдардан бері («Ер төстік және Айдаһар», «Қазақ Елі» «Күлтегін» 3D, «Мұзбалақ» 2D) 50 аса анимациялық фильм шығарды. 2020 жылы пандемияға байланысты анимациялық фильмдер түсірілген жоқ.

Отандық анимация өнері шетелде де үлкен сұранысқа ие. Сапасы жағынан батыстың фильмдерінен кем түспейтін мультфильмдер үнемі халықаралық фестивальдерге қатысып, жүлделі орындардан көрініп келеді. Биылғы жылы Германияда өткен 24-ші халықаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған «Schlingel» фестивалінде «Мұзбалақ» толықметражды анимациялық фильмі сыншылардың жоғары бағасын алып, «Үздік анимациялық фильм» жүлдесіне ие болды.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында 2021 жылы 3 анимациялық фильм жарыққа шықты («Кенже қыз», «Керуен хикаялары», «Бесік жыры»).

2022 жылы 5 анимациялық фильмінің өндірісі аяқталды («Сауға»,«Тайқазан хикаясы», «Жошы», «Бұйрабас», «Амен аға ағашы»).

Бұдан басқа, отандық анимацияны мемлекеттік қолдау мақсатында 2022 жылы «Ұлттық рухани жанғыру» ұлттық жобасы аясында өскелең ұрпақтың патриоттық және рухани тәрбиесіне ықпал ететін балалар үшін сапалы отандық анимациялық киноны дамыту және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Сервистік компания ретінде «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылды.

Жоба аясында 150-ден астам Қазақстанның шығармашылық жоғарғы оқу орындарының студенттері мен анимация саласының мамандар арнайы шетелдік анимация саласының жетекші мамандарының тәжірибелік сабақтар мен мастер- кластарынан өтті. Нәтижесінде, 20 есептік анимациялық жобалар жарыққа шықты.

Бүгінгі таңда «Қазақанимация» Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия аумағындағы анимациялық контент өндіру бойынша ең ірі анимациялық кластер болып табылады, оның шеңберінде «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) және шетелдік анимациялық студиялар базасында практикалық сабақтар, анимация саласындағы студенттер мен мамандарға арналған шеберлік сыныптары өткізіледі.

Жобаның бірегейлігі – бұл жоба елдің анимациялық өндірістік компанияларының шығармашылық әлеуетін біріктіруге және сапалы анимациялық жобалар жасауға мүмкіндік беретін әмбебап өндірістік және білім беру алаңына айналды.

Сондай-ақ, 2021-2023 жылдары Қоғамды жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның шеңберінде арнайы жоғары технологиялық жабдықтар сатып алынды, бұл жоғары сапалы анимациялық фильмдерді қысқа мерзімде жасауға мүмкіндік береді.

Осылайша, Қоғам анимациялық студиялар арасында тәжірибе алмасу және сабақтар мен мастер-класстардан, оның ішінде анимация саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар мен мамандардан өту үшін барлық жағдайлар жасалған және қазақстандық студенттер мен мамандар анимациялық өнімдерді жасауда теориялық және практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алады.

Бұдан басқа, бюджет қаражатының жалпы көлемінің шамамен 70 пайызы бәсекелестік ортаға, конкурстық негізде елдің анимациялық киностудияларына, отандық анимациялық студияларды дамыту үшін олардың пилоттық анимациялық жобаларын қаржыландыру түрінде жіберілетінін атап өтеміз.

ㅤㅤㅤ

Қазақстан Республикасы ㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤ ㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤА. Оралов

Мәдениет және спорт министрі

Смотрите также:
Депутатские запросы
02.05.2024
Наурыз Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сау
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.