«Меншік иелері бірлестігі» сәтсіз жоба ма?

Адамның жайлы тұрмысы үшін ең басты қажеттіліктердің бірі – жайлы баспана. Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Атырау облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына келетін облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары дымқыл иістенген жертөле, шашылған дәліздер, үйілген қоқыстар, кір-қожалақ баспалдақтар, сылағы түскен қабырғалар, сынған есіктер мен қираған терезелерге шағым айтты. Мемлекетіміздегі тұрғын үй саласындағы реформаға сәйкес «Пәтер иелері кооперативінен» (ПИК) «Меншік иелері бірлестігіне» (МИБ) ауысудың еш айырмасы жоқ, өзгерген тек атауы ғана дейді тұрғындар.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Атыраудағы өкілдері мәселені зерделеп мониторинг жасап, филиал кеңсесінде Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Ж.Оспан, бөлім басшысы Г.Өмірғалиева, «Басқарушы мекеме, сервистің компаниялардың және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарының басқару нысандары қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігінің кеңесшісі Г.Салықова, «Нью-Сити» ПИК төрағасы А.Сарбаев, «Аналарға көмек қолдау» ҚБ төрайымы С.Кукенова, «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Т.Қазиев және облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің тұрғындарының қатысуымен сараптамалық кездесу өткізді.

Ж.Оспанның сөзінше, бүгінгі күні өзі қызмет ететін басқарма қызметкерлері тұрғындардың шағымдарын сараптап, МИБ және КСК жұмыстарын тексеруді жоспарлап жатыр.

Г.Өмірғалиеваның айтуынша, облыс орталығындағы 1228 үйдің жартысының жер телімі мен тұрғын үй паспорты және инженерлік құрылымдары туралы құжаттары жоқ, өткен жылы олар 100 үйдің құжатын жинақтаған. Болашақта да жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.

Т.Қазиев өз пікірін партиямыздың Мәжілістегі депутатарына жолдауды сұрады. Оның айтуынша, жергілікті атқарушы орган тарапынан өткен ғасырдың 90-шы жылдарына дейінгі салынған көпқабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстау үшін қажетті қаражаттың 30-40 пайызы жергілікті атқарушы органдар арқылы бюджеттен қарастырылу керек. Себебі ол үйлердің тозығы жеткендігінен тұрғындарға барлық шығынды өтеу мүмкін болмай тұр.

2019 жылы 26 желтоқсанда ел Президенті Қ.Тоқаев «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойып, аталған заң 2020 жылдың 7-қаңтарында күшіне енді. Бұл заңда көппәтерлі тұрғын үйлерге қатысты «Меншік иелерінің бір бірлестігі – бір шот» қағидасымен «Меншік иелері бірлестігінің» құрылуы туралы айтылған. Мұндай бірлестікті құру идеясының өзі көптеген пікірталастардан, талдаулардан, осы саладағы халықаралық тәжірибелерді зерделегеннен кейін қабылданып, көппәтерлі үй-жайлардың иелеріне өз істерін басқаруға мүмкіндік береді десек те, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында 25 жылдық тәжірибесі бар Г.Салықова МИБ-ке қатысты өзгертулер сәтсіз енгізілген дейді.

Оның пайымдауынша, заңға өзгерістер енгізілместен бұрын, жоба ретінде қолданыста болуы керек еді.

‒ Атырауда ПИК жүйесі сақталып, өз жұмысын бұрынғыша жалғастыруда. МИБ тек қана элиталы саналатын үйлер үшін тиімді. Ал Атыраудағы тапсырылғанына 40-60 жыл болған үйлерге лайықты қызмет көрсету үшін қазіргі әр шаршы метрге 45 теңге жеткіліксіз. Егер төленетін ақы 150 теңге болса, тұрғындардың көңілінен шығатын қызметті ұсына алады, ‒ дейді «Басқарушы мекеме, сервистің компаниялардың және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарының басқару нысандары қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігінің кеңесшісі Г.Салықова.

Атырау қаласындағы «Нью-Сити» ПИК төрағасы А.Сарбаев сөз сөйлеп, ЖСДП фракциясының депутаттарынан заңға өзгерістер енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, қазіргі заңға сәйкес құрылыс салушы компания пәтерлердің жартысынан көбін сатпайынша, тұрғындарға қызмет көрсетуші мекемені таңдауына рұқсат жоқ. Мысалы, Атыраудағы «Модерн Сити» тұрғын үй кешенінде 800 пәтердің 400-і ғана сатылған. Құрылыс компаниясы тұрғындарға өздігінен сапалы қызмет ұсынбайды және өзге қызмет ұсынушыны таңдауға рұқсат бермеуі себепті 400 тұрғын жайсыз ортада өмір сүруге мәжбүр болып отыр.

Атырау қаласында термомодернизациядан өткен үйлер тұрғындарының жанайқайы ерекше. Себебі мемлекеттік бағдарламамен күрделі жөндеу жасалып, он жыл бойына тұрғындар ақша төлесе де, ПИК-тің жауапсыздығынан аталған үйлердің тозығы жетіп, қайтадан күрделі жөндеуді қажет етіп тұр.

Сараптамалық жиында көппәтерлі үйлер тұрғындарының шағымы негізінде айтылған мәселелер талқыланып, облыстық және қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы қызметкерлерімен бірлесе жұмыс жасау туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қатысты мәселелер турасында айтылған ұсыныстар ЖСДП фракциясынан ҚР Парламенті депутаттарына жолданатын болады.

ЖСДП Атырау облыстық филиалы

Смотрите также:
Депутатские запросы
22.05.2024
Су айдындарында браконьерлікке қарсы күрестің проблемалық мәселелеріне қатысты өзінің депутаттық сауал
22.05.2024
Депутатский запрос касательно проблемных вопросов борьбы с браконьерством на водоемах
02.05.2024
Н.Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сауал
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву