Мұнайлы Атыраудағы демографиялық ауыртпалық көрсеткіші алаңдатады

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Атырау облыстық филиалы «Атырау облысындағы демографиялық ауыртпалықты, оның еңбек нарығында және әлеуметтік саясатқа әсерін талқылап, еңбек ресурстарын тиімді бөлу және экономикалық тұрақтылықты арттыру шараларын әзірлеу» тақырыбында кездесу өткізді.

Халықтың эко¬номикалық белсенді емес тобына көбіне еңбекке қабілетсіз тобындағы адамдар жататыны белгілі. Яғни, олар балалар, зей¬нет¬керлер, мүгедектер және мүгедек болмаса да денсаулығында белгілі бір кінәраты бар жандар. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Күзембаева Лазгүл Нәбиқызының айтуынша Атырау облысында орташа жалақы шамамен 644 мың теңгені құрайды. Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті жоспарға сай жұмыссыздық деңгейі, әр саладағы жұмысшы саны мен орташа жалақының көрсеткіштері туралы ақпаратты қамти отырып, есеп жүргізетіндерін айтып отыр. Ал демографиялық ауыртпалық деңгейі бойынша көрсеткіштерді статистика бюросының жасақтамайтындарын жеткізді.

Облыста дәл қазіргі таңда 15 жасқа де¬йінгі 645,47 және 65 жастан жоғары 158,59 адам бар. Олардың тү¬гелге дерлігі аталған санатқа жататындықтан, бұл аралықта демографиялық ауыртпалық коэффициенті өңір бойынша–804. Сарапшылар демографиялық-әлеуметтік ауыртпалықты көпте¬ген коэффициент бойынша сара¬лайтын ескерсек, бұл көрсеткіштің мұнайлы өлке үшін қуантарлықтай жағдайда емес екені рас.

Кездесуге қатысқан Айман Халелқызы Алжанова ондаған жылдар бойы жұмыссыз. Яғни, еңбек етуге жарамды болса да, өзіне қолайлы жұмыс таба алмай жүр. Айлық жалақысы 250-280 мың теңгені құрайтын облыс орталығының тазалығына жауапты «Арнаулыавтобаза» ЖШС-не жұмысқа тұруға ниетті, бірақ бұл мекемедегі жұмысшылардың дені Өзбекстан елінің азаматтары. Егер заңдық тұрғыда өзге елдің азаматтарына біздің елімізде жұмыс жасауға тыйым салынса, көптеген жұмыссыз қазақстандықтардың жұмысқа орналасу мәселелері шешілер еді,-дейді Айман Халелқызы. Себебі, еңбек заңдылығын сақтамай, уақытпен санаспай, тиісті еңбек жағдайы шарттарын талап етпей белгіленген жалақыны алып демалыссыз жұмыс жасайтын өзге ел азаматтары жұмыс берушіге тиімді.

Атырау облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бізге берген мәліметінше, 2024 жылы 70699 шетелдік Атырау облысында уақытша тұруға рұқсат алған. 2542 адамға виза рәсімделіп, оның ішінде 2279 азаматқа берілген виза «С3» санатында.

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы халықты жұмыспен қамту және көші-қон бөлімінің бас маманы Әбішева Дина Есқалиқызының сөзінше шетел азаматтарының Атырауда жұмыс жасау квотасы бұрын 12 мыңдай болса, биылдан бастап, 3634 адаммен шектеліп отыр. Шетелден жұмыс күшін тартуда 1, 2, 3-ші категориялы мамандарға ғана беру қарастырылған.

Заң шек қойғанымен облыстағы жеке шаруа қожалықтары, кафелер мен мейрамханалар, дүкендегі және базарлардағы сатушылар, көпқабатты үйлерге қызмет көрсететін сервистік компанияларға Өзбекстан азаматтарының жұмысқа жалдау тиімді, себебі ол азаматтар тек жұмыс жасау мақсатында келгендіктен мейрам күндері де жұмыс жасайды. Ал өзге ел азаматтарының елімізде жұмыс жасауға тыйымды тек мемлекеттік деңгейде ғана реттеуге болады. Бұл жәйіт жұртқа белгілі дүние екені шындық.

Атырау облысы бойынша еңбек және тұрмыс деңгейі бөлімінің басшысы Құлшиева Марал Түгелбайқызының айтуынша мұнай саласындағы вахталық жұмыстан өзге өңірімізде жұмыс көзі аз. Сондықтан инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарын ашу азаматтардың әлеуметтің жағдайын жақсартып, жұмыссыздықты жоюға әсер етер еді.

Жазушы, тарихшы Доспанов Жұмабай Орынғалиұлы демографиялық ауыртпалық көрсеткішінің елдің болашағына әсер ететінін айта келе, мемлекеттің демографиялық сая¬сатқа түбегейлі ден қойып, әлеуметтік қолдауды арттырып, бала тууды ынталандыру керек, әйтпесе туу көрсеткішінің азаюы себепті, болашақта егде жастағы тұрғындар саны экономикаға салмақ салуы мүмкін,-дейді. Ал ауылдық жерлерде шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан қолдау білдірілсе, урбанизация процесінің реттелетінін жеткізді.

Партия филиалы ұйымдастырған кездесу барысында белгілі болғандай, облыстық статистика саласындағы және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы халықты жұмыспен қамту және көші-қон бөлімінің мамандары бүгінгі күні облыстағы демографиялық ауыртпалық ахуалына зерделеу жасап, демографиялық ауыртпалықтың еңбек нарығына, әлеуметтік саясатқа әсері туралы сараптама жүргізбейді.

Сол себепті партия филиалы Атырау облысы әкімінің атына жоғарыдағы мәселеге қатысты және еңбек ресурстарын тиімді бөлу, экономикалық тұрақтылықты арттыру шаралары бойынша атқарылып жатырған жұмыстар, Атырау облысы бойынша соңғы 5 жылдағы демографиялық ауртпалық көрсеткіштері туралы ақпарат беруді сұрап хат жолдады.

Болашақта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

ЖСДП Атырау облыстық филиалы баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы
29.01.2025
Депутаттық сауал, Қазақстан Республикасының Премьер-министрдің орынбасары Дүйсенова Тамара Босымбекқызына жолдаймыз
15.01.2025
Депутатксий запрос Премьер-министру РК Бектенову О.А.
18.12.2024
Депутатский запрос Премьер-министру РК Бектенову О.А., министру экологии и природных ресурсов РК Нысанбаеву Е. Н.
27.11.2024
Депутатский запрос премьер-министру РК, КНБ, АРРФР, НБ, МЦРИАП, МВД
06.11.2024
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі О.А. Бектеновке
23.10.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Министру здравоохранения Министру труда и социальной защиты населения РК
16.10.2024
Депутатский запрос первому вице-премьер-министру Республики Казахстан Роману Васильевичу Скляру.
16.10.2024
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Васильевич Склярға депутаттық сауал
09.10.2024
Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне депутаттық сауал