Қоғам белсенділері әйелдердің зейнетке шығу жасын азайтуды сұрап отыр

Депутат Ажар Сағандықовамен кездесуге келген қоғам белсенділері елімізде әйелдердің зейнетке шығу жасын 58 жасқа дейін азайту керек деген мәселені көтерді. Мысалы, зейнеткерлікке ерте шығатын күштік құрылымдардың қызметкерлері көп жағдайда зейнетақы ала отырып, жұмысын жалғастырып жатады. Мемлекеттен төленетін бұл қаражатты қайта қарап, неге ақшаға денсаулығы еңбекке жарамсыз әйелдер мен мүгедек бала бағып отырған аналарға мерзімінен бұрын зейнетке шығуға мүмкіндік туғызбасқа деп отыр қоғам белсендісі Марина Бачаева.

«Мысалы, күштік құрылымдардың қызметкерлері зейнетке ерте шыға тұра, жұмысын ары қарай жалғастыра береді және сол үшін еңбекақы алады. Бюджеттің мемлекеттік шығындарын неге соның есебінен қысқартпасқа? Не зейнетақыны мерзімінен бұрын алсын, не жұмыс жасасын. Әйтпесе, мемлекеттік бюджеттен зейнетақы да алып жатыр, жұмыс орынды да ешкімге бермей отыр, ал бұл кезекте әлдебіреу ақшадан тарығып жүр. Бұл мәселені мемлекеттік бюджетті толықтырудың қосымша мүмкіндігі ретінде неге қайта қарастырмасқа? Яғни, бюджет қаражатын қайта бөлуді қарастыру маңызды. Егер әскери қызметкер жұмыс істегісі келсе, тиісті жалақысын ала берсін, ал мерзімінен бұрын зейнетке шығу мүмкіндігі мүгедек бала тәрбиелеп отырған әйелге берілсін», ‒ дейді Марина Бачаева.

Атап өтейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауда әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалатынын мәлімдеген. Қазақстан әйелдері қозғалысының көшбасшысы Майкен Бекарыстанова наразылығын былай түсіндірді: «Біздің үніміз Президентке жетті, өйткені Жолдауда әйелдердің зейнет жасын ұлғайтпау жөнінде 2028 жылға дейін мораторий жариялады, зейнетке шығу жасы 61 жас деп белгіленді. Бірақ біздің қозғалыс мұнымен келіспейді. Неліктен? Өйткені 1967-1968 жылы туған әйелдер бұл мораторийге ілікпей қалды. Зейнеткерлікке шығу жасын 58 жасқа дейін кеміту керек деп санаймыз. Елімізде әйелдер зейнет жасына да жете алмай қалып жатады. Біздің өмірді Еуропадағы өмірмен салыстырып жатады, бұл дұрыс емес. Австрия мен Оңтүстік Кореяны қараңыз, ол жақта адамның өмір сүру ұзақтығы 83-83 жасқа дейін барады, ал бізде 67-68 жас. Үкімет зейнет жасының ұлғаюын әйелдердің өмір сүру жасының ұзарып жатқанымен түсіндіріп отыр. Бұл ойдан құрастырылған аргумент. Бүгінгі таңда зейнет жасын азайту туралы петицияға 862 мың әйел қол қойды. Сондай-ақ, біз заңдық құқығымыздың бұзылғанына және дискриминацияға жол беріліп жатқанына байланысты Конституциялық сотқа кассациялық шағым түсірдік. Неге референдум өткізбестен, ғылыми дәлел келтірместен, әйелдерге зейнет жасы 5 жасқа, ал ерлерге 3 жасқа ұлғайтылды? Бұл заңды өзгерту керек деп санаймын», – дейді.

Заңгер Төлеген Қасенов те бұл ойды қолдады. Оның сөзінше, қоғамда да, отбасында да әйел адамға түсетін ауыртпалық аз емес, бұл оның денсаулығына әсер етеді. Әсіресе 50 жастан кейін ағзасында оған дейін жинала берген жасырын ауру түрлері пайда бола бастайды. «Психологиялық және күйзеліске алып келетін ауыртпалықтар көп, себебі әйелдердің көпшілігі мұғалім, дәрігер сияқты халыққа қызмет көрсететін салаларда жұмыс істейді. Сондықтан 50 жастан кейін әйелдің еңбекке қабілеттілігі әлсірейді деп айтуға болады. Сонымен қатар бұл шақта отбасына әженің тәрбиесі де үшін ауадай қажет болады. Баласына қарайтын әжесі барда, ата-ана да жұмысын емін-еркін атқара береді. Сол себепті де нәзік жандылар үшін зейнетке шығу жасын 58-ге дейін түсіруге қол жеткізу керек», – дейді заңгер.

ЖСДП баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы
02.05.2024
Наурыз Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сау
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.