Парламент Мәжілісінің Депутаты ЖСДП Фракциясының төрағасы Асхат Рақимжанов кездесудің ЖЭЦ- те болуы ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

"Еліміз үшін ЖЭЦ-тар ерекше назарында. Шын мәнінде бұл стратегиялық маңызды нысан. Сондықтан бірінші кездесуді өздерден бастадық. Өздеріңіздің жағдайдарыңызды білу, пікірлеріңізді тыңдау да аса маңызды. Жұмыстарыңыз жемісті болсын",-деді.

Ақ Жайық жылуқуат бас директоры Акимгужин Бақытжан Ғаниұлының айтуынша, ЖЭЦ Батыс-Қазақстан облысындағы ен үлкен мекемелердің бірі. "Қаламызды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіп отырған бұл нысан 1953 жылы құрылысы басталып 1960 жылы 22 желтоқсанда бірінші турбо агрегат іске қосылды.

Бүгінде ЖЭЦ-тың тозуы 88,07% -ды құрап отыр. Бірақ қазіргі таңда реконструкция жұмыстары жүргізілу үстіндеміз. Мысалы бірінші турбо агрегат бес жыл бұрын ауыстыру жұмыстары басталып 2025 жылдың наурыз айында іске қосу жоспарда. Ендігі манызды мәселелердің бірі қосалқы жабдықтарды сатып алу болып тұр. Сатып алулар делдалдар арқылы жүргізілетін болғандықтан сатып алу қымбатқа шығады. Салдарынан тарифта қымбаттайды",- деді.

Жұмысшылар арасынан сөз алған маманның айтуынша, орташа жалақы 200 000 мыңның айналасында екені белгілі болды. Жас мамандарды бүндай жалақы қызықтырмайды сондықтанда тұрақты жұмыста қалмайды"- деп отыр. Депутат пен кездесуге келген көпшілік, жас мамандарға белгілі бір көлемде льгота қарастырылса екен деген ұсыныстарын айтылды.

ЖСДП баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы