Премьер-министр Бірыңғай сатып алушы моделінің тарифке қалай әсер ететініне қатысты жауап берді

Қазан айында депутат Нұрлан Әуесбаев Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына электр энергиясын бірыңғай сатып алушы мен теңгерімдеуші нарығының моделін енгізу тоққа төлейтін тарифтің қымбаттауына әкелмей ме деген сауал жолдаған болатын. Премьер-министр жазбаша жауабында Бірыңғай сатып алушының моделін енгізу электр энергиясы тарифінің өсуіне әсер еткен жоқ деп отыр.

Депутаттың айтуынша, бұл өзгерістер 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген. Жаңа модель бойынша көтерме сауда нарығының субъектілері бұдан былай электр энергиясын тоқ көздерінен емес, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС ретінде айқындалған Бірыңғай электр энергиясын сатып алушыдан сатып алмақ.

– Енді кепілдік беретін жеткізушілерден (поставщик) басқа барлық көтерме саудагерлер Біріңғай сатып алушыға күнделікті алдын ала төлем төлейді. Ал, бұл ретте, тұтынушылар оларға әлі қолданбаған қызметі үшін алдын ала ақы төлемейтіндігі белгілі. Осыған байланысты электр желілері компанияларында кассалық алшақтықтар пайда болып жатыр, бұл жалақыны кешіктіруге, салық төлеу мерзімін бұзуға жəне инвестициялық бағдарламаның орындалуының тоқтауына əкелуі мүмкін. Алдын-ала төлем 24 болжамды «өзгермелі» тариф бойынша есептеледі, сосын барып 24 нақты тариф бойынша қайта есептеледі. Мұның бəрі бюджетті жоспарлау кезінде қиындықтар туғызады әрі тұтынушылардың мойнына түсетін шығынның өсуіне əкеледі», – деді Нұрлан Әуесбаев.

Бұл ретте, монополистер ұлттық электр желісін пайдаланғаны үшін «KEGOC» акционерлік қоғамының жаңа қызметіне ақы төлеуі тиіс екен. Бұл шығындар бұрын электр желілері компанияларының қолданыстағы тарифтерінде ескерілмеген.

– Электр энергиясы құнының өсуі басқа да барлық коммуналдық қызметтердің, соның ішінде су бұру мен сумен жабдықтаудың, жылу берудің жəне басқалардың бағасының өсуіне əкелетіні белгілі, өйткені суды көтеру, түсіру жəне тазарту үшін электр желісінен қуат алатын сорғылар мен жабдықтар қолданылады. 2022 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Қазақстанда коммуналдық қызметтердің құнын арттыруға мораторий қолданылды. Мораторий жойылғаннан кейінгі бірінші күні-ақ, 1 шілдеде ҚР Энергетика министрлігі 26 энергия өндіруші станцияның тарифтерін көтерді.

Бұл тек бастамасы екендігін жариялады. Мысалы, 2023 жылғы тамыздағы жағдай бойынша бір жыл ішінде электр энергиясына тариф ең көп өскен өңір Қарағанды облысында 44%-ға қымбаттағанын, 1280 теңгеден 1677 теңгеге дейін жеткенін байқап отырмыз. Екінші орында – 27,6% өсіммен Алматы облысы (100 кВт/сағ тарифтің бірінші деңгейі үшін 1756 теңгеден 2160 теңгеге дейін (электр плиталарын пайдаланатын халық үшін), – деп атап өткен депутат Үкімет басшысына мынадай сұрақтармен қайырылған еді: «Бірыңғай сатып алушы моделін енгізуге байланысты еліміздің қай өңірлерінде электр энергиясына тарифтер қымбаттайды жəне қаншаға? Бұл басқа коммуналдық қызметтердің құнына жəне аймақтың инфляциясына қалай əсер ететін болады? Үкімет қандай жағдайда Бірыңғай сатып алушының моделін табысты деп есептейтін болады? Егер модель өзін ақтамаса, келесі жоспарларыңыз қандай? Нəтижесі бойынша қорытындыны қай уақытта жасайсыз? Шын мəнінде, Бірыңғай сатып алушы деп отырғанымыз – шығындары тарифтің құнына кіретін жаңа делдал. Өз кезегінде, ол электр энергиясын бөлетін болады, бұл сыбайлас жемқорлық жасау тəуекеліне əкеледі. Процестің ашықтығы үшін қандай шаралар қолданылатын болады?», – деген еді.

Алайда Әлихан Смайылов Бірыңғай сатып алушы оң нәтиже көрсетті дегенді алға тартып жатыр. Оның сөзінше, соңғы тарифке энергия кәсіпорындарындағы жабдықтардың тозуын 15%-ға азайтуға бағытталған «Инвестиция орнына тариф» жаңа бағдарламасын іске асыру әсер етті. Бұл бағдарлама шеңберінде биылғы 1 маусымнан бастап өтінім берген 47 станциядан 27 энергия өндіруші ұйым үшін шекті тарифтер түзетілді, олардың тарифтерінің орташа өсімі шамамен 24%-ды құраған.

– Атап айтқанда, тарифтері жоғары электр станциялары профициттік сағаттарында барлық көтерме тұтынушының тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін электр энергиясының құнын 10%-ға дейін төмендетеді. Сонымен қатар, электр энергиясын жоспарлы импорттау мүмкіндігі биылғы жылыту маусымында елдің ірі электр станцияларына күрделі жөндеу жүргізуге мүмкіндік берді.

Электр энергиясы нарығының жаңа моделі ең жоғары жүктеме сағаттарында электр қуаттарының энергия тапшылығын төмендетуге, электр энергиясын сатып алу және сату кезіндегі алыпсатарлық операцияларды болдырмауға, электр энергиясы ағындарының мемлекетаралық сальдосының ауытқуын барынша азайтуға, жаңадан енгізілетін генерация көздерінің жоғары тарифтерін және тапшылық кезінде импорттық электр энергиясының бағаларын теңестіруді қамтамасыз етуге және нарықтың барлық қатысушысы үшін тең мүмкіндіктер беруге бағытталған», – деп жазды жауап хатта.

Оның айтуынша, Бірыңғай сатып алушының электр энергиясын бөлу кезіндегі ашықтығына қатысты Бірыңғай сатып алушы жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алу және сату нарық субъектілері ұсынатын өтінімдер негізінде «КОРЭМ» АҚ орталықтандырылған сауда нарығы операторының «Теңгерімдеуші нарық жүйесі» аппараттық-бағдарламалық кешенінде жүзеге асырылады және сауда-саттық қорытындыларын өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

ЖСДП баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.
27.12.2023
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Министру здравоохранения. Министру труда и социальной защиты