
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлау алды бағыттарының негізгі бір тармағында халықтың тұрмысы мен өмірін оңатуды көздеген болатын. Бүгінгі таңда партия фракциясының депутаттары да үнемі аталмыш бағытта түрліше жұмыс жүргізіп келе жатыр. Солардың бірі еліміздегі саяжай алаптарының заманға сай келмеуі.
Партия тарапынан да депутаттар тарапынан да бұл мәселе үнемі көтеріліп, жиі-жиі үкімет пен өзге де құзырлы орындарға депутаттық сауалдар жолдануда. Тіпті бірнеше рет дөңгелек үстелдер де ұйымдастырылды. Үнемі жіті назарда ұсталып отыратын аталмыш жұмыстар мен депутаттық сауалдар нәтижесінде жергілікті әкімдіктер тарапынан көпдеген істің бойына қан жүгіріп, оң бағытта іске асырылуда.
Осындай арнайы сауалға Қонаев қаласы әкім орныбасары, Сәулет және қала құрылысы саласы бойынша орынбасары Оналбаев Жансултан Сагнайулы жауап хат жолдаған екен. Аталмыш хаттың мәтінін толықтай беруді жөн көрдік.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының депутаттарына.
Қазіргі уақытта Қонаев қаласының әкімдігі "Алтын Алма" саяжай алабының аумағындағы саяжай алаптарын шағын аудандар мәртебесін беру мақсатында жер учаскелерін, ғимараттарды, инженерлік желілерді және көлік инфрақұрылымын түгендеу жұмыстарын жүргізуде.
Осы жұмыстарды жүргізер алдында, бірнеше рет "Алтын Алма" саяжай алабы өкілдерінің қатысуымен жиналыстар ұйымдастырылды. Бұл жиналыстарда атқарылып жатқан жұмыстар мен олардың маңыздылығы, сондай-ақ, тұрғындардың мүдделеріне қалай әсер ететіні туралы толық түсінік берілді.
Сонымен қатар, түгендеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың ешбіреуі осы алап тұрғындарының мүдделеріне әсер етпейтініне хабарлаймыз. Атап айтқанда, жер учаскелерінің құқықтық мәртебесі, ғимараттар мен инженерлік желілердің жағдайы тұрғындардың өмір сүру сапасына кері әсер етпейді.
Тұрғындардан туындайтын кез келген сұрақтар мен ұсыныстарға сәйкес жауап беріледі және барлық жұмыстар ашық әрі заң талаптарына сай жүргізіледі,-делінген хатта.
ЖСДП баспасөз қызметі