Абай облысы Семей қаласында Жедел медициналық қызмет көрсету стансасы айналасында түрлі мәселелер туындағаны туралы естігеннен соң анығын білмекке арнайы бардық. Естуімізше туындаған мәселелер біршама уақыттан бері шешімін таппай келеді екен.
Осыған орай қандай мәселелердің барын және қаншалықты өзекті екендігіне көз жеткізу мақсатында Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Абай облыстық филиал белсенділері және төрағасы Рүстем Сәбитұлы Сарманов Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем стансасына қарасты Әуезов қосалқы стансасында болып, станса басшысы Владмир Викторович Ли мен және Абай ауданының денсаулық сақтау басқармасы басшысының медициналық көмекті ұйымдастыру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары – Саимова Айсұлу Жұмабайқызымен кездесті. Кездесушілер қатарында станса қызметкерлері де болды.
Кездесу барысында, жедел жәрдем станса бригадасының құрамы туралы және жедел жәрдем стансия бригадаларының жалақысы мен кадр тапшылығы туралы сауалдар қойылды.
Владмир Викторович Ли, “Станса қызметкерлері облыс орталығындағы 350 мың халықтың шақыртуына шығатын бригадалардың саны 58, оның 38-і Семей қаласында және кадр таплышығы жоқ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/220 бұйрығына сәйкес әрбір 10000 халқы бар ауданға 1 бригада беріледі. Ал Әуезов қосалқы стансасында 11 бригада жұмыс жасайды, оның 8-і фельдшерлік, 3-еуі дәрігерлер бригадасы. Қызметкерлердің еңбекақы тарифін айтатын болсам, бүгінгі таңда 325-тен 327-ге дейін көтерілді. Оған қоса бюджетті үнемдеу мақсатында 2017 жылы бюджеттің 30 пайызын емханаларға бергенмен, қызметтің бұл түрі кейбір емханаларда ғана бар. Яғни, 1 кезекші фельдшерлік бригада төртінші санаттағы (созылмалы ауруы бар) науқастардың шақыртуына шығады. Сондай-ақ мұндай санаттағы науқастарға Жедел медициналық жәрдем стансасы да көмек көрсетеді.
Бөлінген қаражат берілгенімен, қызмет көрсету ауқымы (жүктеме) сол қалпында қалып отыр”, ˗ деді станса басшысы. Бірақ бұл іс жүзіндегі ақпаратқа сай келмеуі әбден мүмкін.
Сондықтан, Партия төрағасы мен белсенділері "Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем стансасы" ШЖҚ КМК Әуезов қосалқы стансасы бойыншы зерттеулер жүргізіп, фельдшер қызметкерлерінен гибриттік сауалнама алынды. Соның қортытындысы бойынша шақырудың шұғыл санаттарына байланысты фельдшер құрамының тобына бір фельдшер, парамедик немесе жүргізуші, ал мамандандырылған медициналық бригаданың құрамына бір дәрігер, фельдшер, парамедик немесе жүргізуші болуы керек екені анықталды. Өкінішке орай, стансада осындай бригаданың саны туралы нақты мәлімет бермеді.
Сонымен қатар жоғарыда айтып өткен бригаданың құрамына кіретін жүргізушілер, алғашқы арнайы медициналық қызмет көрсету курсын өткенімен, олардың көмек беруге деген ынтасы төмен және алатын еңбекақысы бағаланбағаны мәлім болды.
Дәрігер мамандардың жетіспеушілігі қызмет көрсету сапасына әсер ететіні сөзсіз. Ал қағаз жүзінде фельдшерлік бригада медициналық көмек көрсетуге шықты дегеннің өзінде, тиісті маман болмағандықтан іс жүзінде олар бірінші санаттағы науқастарға көмек бере алмаса, жақында жүрген мамандандрылған бригаданы көмекке шақыруға мәжбүрлі. Дегенмен адам өмірі қыл үстінде тұрғанда минутты қоя тұра әр секундтың өзі бағалы.
Атап өтілген мәселелер БАҚ-та кеңінен жазылып, Сенат, Мәжіліс депутаттары келіп кездесулер өткізгенімен жабулы қазан, жабулы күйде қалып отыр.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Абай облыстық филиалы