Солтүстік аймақтардың диқандары дабыл қағуда

Олар ауа-райының қолайсыздығы салдарынан егін жинай алмай жатқанына байланысты төтенше жағдай режимін енгізуді сұрап отыр, бұл оларға мемлекеттен өтемақы алуға мүмкіндік береді.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) Саяси Кеңесі Төралқасының мүшесі Мақсұт Насибулов Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімшілік орталығы – Саумалкөл ауылына барып қайтты. Оған ауыл тұрғындарының шағымы себеп болды. Биыл астықты жауын-шашынға қарамастан жинауға тура келіп тұр, себебі 22 тамыздан бері жаңбыр араға бір-екі күн салып толассыз жауып жатыр. Ал астықтың кебуі үшін диқандарға кем дегенде үш күн керек. Диқандардың аз бөлігі ғана астықтың 20%-ын жинай алып, келесі жылға тұқым қорын сақтауға қамданып жатыр.
Мәселен, «Қазгидромет» РМК деректері бойынша тамыз айында еліміздің біраз өңірінде жауын-шашын мөлшері бойынша рекорд белгіленді.

Толассыз жауынның салдарынан фермерлер бидай жинай алмай жатыр. СҚО Айыртау ауданының фермері Саят Өтегенов биыл егін өте жақсы шыққанын, оның шаруашылығында гектарына кемінде 20 центнер бидай жинауға болатынын, алайда жоғары сапалы өнім жинау үшін жердің құрғағаны мен мизамшуақ жылы күн келіп жеткенін күте алмайтынын айтты. Мұндай жағдайда фермерлер гектарына шамамен 2-3 центнер ғана бидай жинай алатынын болжап отыр, бұл дегеніміз олар күткен көлемнен ондаған есе аз.

Фермерлердің айтуынша, астық қазірдің өзінде өсе бастады, ауа-райы егін жинауға мүмкіндік берсе, қазір олар нарықтағы орташа құнның 50%-ын жоғалтады: 28%-ы ылғалданған мұндай бидай тек ірі қара малды бордақылауға ғана жарамды. Ылғалдылығы 18% болатын бидайды элеваторлар қабылдамайды. Үшінші сұрыпты астықтың нарықтағы құны 85 мың болса, фермерлер дымқыл астықты 40-45 мың теңгеге де сата алмай қалуы мүмкін екеніне алаңдаушылық білдіруде.

Сонымен қатар, астық жерге шашылады. Биыл шаруалардың көпшілігі келесі жылға тұқым да қалдыра алмайтын жағдайға тап болып жатыр, оны шетелден сатып алатын болса, екі есе шығынға ұшырауы ғажап емес.

Астықты ауа-райы жақсарғаннан кейін ғана жинауға мүмкіндік тумақ, бірақ бұл күн қашан келетіні белгісіз. Сондықтан қазір бірқатар диқандар үмітсіздіктен жұмысшылардың және техника сатып алу үшін рәсімдеген несиелері бойынша банктердің алдындағы міндеттерін орындау үшін техникасы мен малдарын сатып жіберуге бекініп отыр.

Фермерлер ЖСДП-ға мына бағыттар бойынша көмек көрсетуді сұрап жүгінеді:

  • Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында төтенше жағдай режимін жариялау;
  • 2024-2025 жылдарға арналған айналым қаражатын толықтыру тетігі арқылы диқандарға несиені өтеу уақытын ұзартуды енгізу;
  • ауа-райының қолайсыздығына байланысты астықтан айырылған фермерлерге арнап субсидия енгізу;
  • астықты ылғалдылығы мен қай сұрыпқа жататынына қарап шектелмей, элеваторлардың қабылдауын қамтамасыз ету;
  • төменгі сұрыпты астық, арпа және майлы дақылдарды экспорттауға тыйым салмау;
  • тұқым сатып алуға қолдау көрсету;
  • диқандарды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуден босату.

Өйткені ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін салық төлемдерінің негізгі үлесін құрайды. Тиісінше, қазіргі жағдайға байланысты фермерлерде ҚҚС-ны төлеудің өзіне қаражат болмай қалайын деп тұр, нәтижесінде фискалдық органдардың санкцияларына ұшырауы мүмкін. Ал шотқа тыйым салу несие рейтингісінің нашарлауына алып келеді және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (АНК), несие серіктестіктері (КТ) мен банктерден қарыз алу мүмкін болмай қалады. ҚҚС-ты (қосылған құн салығын) төлеуден босату ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге айналым капиталын тезірек құруға мүмкіндік береді.
Фермерлердің барлық ұсыныстары ҚР Парламенті Мәжілісі деңгейінде қарау үшін ЖСДП-ның депутаттық фракциясына жеткізілді.

ЖСДП баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы
02.05.2024
Наурыз Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сау
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.