Су тасқынының әуре-сарсаңы

Елімізде көктем келсе, су тасқыны мен сел жүру қаупі күшейе түсетіні баршамызға мәлім. Үкімет тарапынан жыл сайын алдын алу шаралары жүргізілгенімен, биыл тасқын суға тосқауыл қою мүмкіндігін толығымен пайдаланбауы су бетіне май шыққандай айқын көрінді. Айтар болсақ, Абай облысында күзде жаңбырдың көп мөлшерде түскенінен тоң қатып, қар суының тез еріп жерге сіңбеу салдары халықтың мезін алып, үлкен шығындарға әкелді.

ЖСДП партиясының белсенділері тасқын суға қарсы атқарылып жатқан іс-шаралардың басы-қасында болды. Бақылау барысында Озерки ауылдық округіне қарасты Қаракөл ауылында 3 аула аумағын су алып, 1 үйдің дәлезіне су кірген, ал Көкпекті ауданы Биғаш ауылында шеткі 1 үйге 1 метр қар суы толық кіргенін партия өкілі А.Сабит өз көзімен көріп қайтты. Партия белсенділері облыс әкімі Н.Уранхаевпен бірге Бесқарағай ауданы Бозтал ауылында болып, ауылдағы тұрғын үйлерді су басу жағдайымен танысып, нәтижесінде Бозтал ауылында 10 үй және Щадрухин орман шаруашылығында 4 үй (1 тұрғын емес үй) қардың қарқынды еру аймағында қалғаны анықталды.

Ауа температурасы күрт көтеріліп, қардың қарқынды еруінен Абай облысының Ақсуат пен Аягөз ауданында жергілікті ТЖ жарияланды. Аймақтағы бірнеше аудан мен Семей қаласы маңындағы су арналарында су деңгейі көтерілді. Салдарынан көпірлер мен жолдарды су шайып, аулаларды су басты. Аягөз ауданында суға кеткен 3 адам толассыз іздестірілуде.

Автожолдар мен көпірлерді су шайып кеткендіктен, кейбір ауылдармен байланыс үзілді. Оларға тікұшақпен, қайықпен азық-түлік және басқа да қажетті заттар жеткізілді. Аягөз ауданындағы Бозай елді-мекенінде көпірді су шайып кетіп, ауылмен байланыс үзілген. Жарма ауданынында Үшбиік ауылының ортасындағы 2 ауылды байланыстыратын ескі көпірді су шайғаннан кейін апатты жағдайда тұр. Жаңғызтөбе кентінің жанындағы су шайған көпір қалпына келтіріліп, қозғалыс жанданған. Көкпекті ауданына қарасты Тассай ауылына баратын жолдағы көпірді су шайған. Ауылдармен қарым-қатынас қайықтар арқылы жүргізілуде. «Өскемен-Алматы» республикалық маңызы бар жолдары былтыр ғана қолданысқа берілген жаңа көпірді де су шайған.

Көпірлерін су шайып кеткен ауыл тұрғындары көпірді қалпына келтіруді және су астында қалған үйлерге өтемақы төлеуді сұрап отыр.

Елдегі жағдайды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз бақылауына алды. Мемлекет басшысы үкімет пен әкімдердің жұмысын немқұрайлы және кәсіби міндетіне сәйкес келмейді деп сынға алды. Оның айтуынша, үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арасында жүйелі байланыс болмаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен өңірлер тұрғындарына үлкен көлемде шығын келуіне байланысты өкініш білдірді. Мемлекет басшысы қалыптасқан жағдайға байланысты кешірім сұрап, барлық азаматқа көмек көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ, бірқатар жауапты тұлғалар мен облыс әкімдеріне оның ішінде облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевқа қатаң сөгіс жарияланды. Мемлекеттік құрылымдарға табиғат апаты салдарынан болған шығын көлемін анықтау және алдағы уақытта осындай апаттардың алдын алу үшін кешенді шаралар қабылдау міндеті жүктелді.

Президент су тасқынына байланысты халыққа үндеу жариялап, үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырып, берілетін өтемақы шығынды толық жабуы тиіс деп атап өтті. Жыл басында қар суы тасқынын алдын алу шараларына байланысты бөлінген қаражат қайда кетті? Абай облысы бойынша бюджеттен қанша бөлінгені туралы ешбір мәлімет жоқ. ЖСДП белсенділерін егер қаражат бөлінген жағдайда, қаншасы игеріліп, не себепті қазіргідей жағдайды бастан кешіп жатырмыз деген сұрақтар мазалап отыр.

ЖСДП Абай облыстық филиалы

Смотрите также:
Депутатские запросы
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.
27.12.2023
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Министру здравоохранения. Министру труда и социальной защиты