Ақтөбе ауыз су көп, жалақы аз

Ақтөбе облысында 2025 жылы барлық елді мекендерді ауыс сумен қамтамасыз ету бойынша жобалар іске асырылып, сумен қамту 99,8%- жетеді деген жоспар бар.

2024 жылға Ақтөбе облысында 26 жоба жүзіге асыру керек деп жоспарланып отыр. Ол үшін 8,3 млрд теңге қарастырылған көрінеді. Жоспар бойынша барлығы 15 ауыл орталық су жүйесімен қамтамасыз етіледі, 2 ауылға кешенді блок модуль (КБМ) орнатылмақ. Бұл туралы Ақтөбе облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев айтып отыр. Ақтөбе облысы жоғарыдағы жоспар негізінде толықтай ауыз сумен қамтамасыз етілетін болса шынымен де ел қуанары анық.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Сайлаубайдың Ақтөбе облысына іс-сапары барысында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Ақтөбе облыстық филиялының мүшерелі де Мұғалжар ауданы Ембі қаласындағы «Ембіжылу» КМК жұмысымен таныстық. «Ембіжылу» КМК Ембі қаласын, Мұғалжар, Алтынды ауылдарын ауыз су жүйесмін қамтамасыз етеді. Қызметкерлермен кездесуде жұмыс жасау барысындағы және жалпылама шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардын мәселелері туралы да түрлі талқылаулар болды. Мекеме басшы Берік Нуртаевтың сөзінше қазірде мекеме қызметкерлерінің басым көпшілігі 40-50 жас аралығындағы азаматтар. Жалақы мөлшерлемесінің аз болу салдарынан жас мамандар мүлдем жұмысқа орналасуға келмейді. Тұрғындарға тариф бағасын көтермеу қаншалықты маңызды болса, қызметкерлердің де жалақысын көтеру соншалықты маңызды. Себебі, Ақтөбе облысы толық 100% ау сумен қамту жобасы жүзеге асқан жағдайды, мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің тапшылығы тіптен артпақ. Одан бөлек мекеме қызметкерлерінің айтуы бойынша тендр өткізу мәселесі жұмыстың барысына едәуір кедергі келтіріп отырған көрінеді. Белгілі бір апаттық немесе құрылғылардың істен шығып қалса жедел жөндеу жұмыстарына қажетті материалдарды тендер арқылы сатып алу керек. Бұл көп уақыт алатын процесс, оған қоса тендерден ұзақ мерзімге жарамайтын арзан әрі сапасыз материалдар сатып алынады. Бұл мәселелер облысымыздағы барлық коммуналдық мекемелерге тән жағдай екенін де айтып отыр мекеме қызметкерлері.

ЖСДП-сының Ақтөбе облыстық филиалы облысымыздағы ауыс сумен қамтамасыз ету мәселесіндегі кейбір жағдаяттарды назарда ұстап, кейбір мәселелерге қолдау көрсетуге дайын. Ең бастысы мекеме қызметкерлерінің жалақсын көтеру кезек күттірмейтін мәселе.

ЖСДП Ақтөбе облысы филиалы төрағасы Майлишов Б.Б.

Смотрите также: