Ақтөбеде жедел жәрдем қызметі қандай?

ЖСДП Ақтөбе облысы филиалының төрағасы Майлишов Бекбол Ақтөбе облысы Жедел жәрдем бекетінің бас дәрігері міндетін атқарушы Медеубаев Нұрболатпен кездесіп, облыс көлемінде жедел жәрдем қызметінің атқарып жатқан жұмысы мен ағымдағы жағдайы барысын талқылады.

Ақтөбе облысы бойынша жедел жәрдем қызметінде 4 ауысыммен барлығы 413 фельдшер 1,2,3 санаттағы шақыртулар бойынша 52 бригада алғашқы көмек көрсету үшін қызмет етеді. Яғни, 14 ауданға 16 қосалқы бригада қызмет атқарып жатыр. Әр ауданда 1 бригада және Шалқар қаласы мен Қандыағаш қаласы бойынша халық саны көптігіне байланысты 2 бригада жұмыс жасайды екен.

«2022 жылдың желтоқсан айында Ақтөбе қаласына 36 «Hyundai» маркалы реанимобиль, аудандарға 16 «JAC» маркалы реанимобиль табысталған. Қаламыз бойынша жүруге жарамсыз болған, уақытша ақауы бар көліктерді ауыстыру үшін қала ішінде жүруге арналған қосымша 9 «Mercedes» маркалы реанимобиль бар»,-дейді облыстық жедел жәрдем бекетінің бас дәрігері міндетін атқарушы Медеубаев Нұрболат. ЖСДП АОФ төрағасы Майлишов Бекбол жедел жәрдем қызметі турасындағы халықтың сын-пікірлері турасында жан-жақты талқылай келе кадр мәселесінің қазіргі жағдайы туралы да айтып беруді сұрады.

«Жедел жәрдем бекеттерінде жұмыс жасаушы дәрігерлер, фельдшерлер халыққа қызмет көрсетіп жүргенімен біз үшін олардың да әлеуметтік жағдайы маңызды. Сол себепті, жәдел жәрдем саласында дәрігерлердің көп болуы, жалақылары жеткілікті болуы қайта қаралуы тиіс. Себеп пен салдар деген дүниені ескеру керек. Жастарға жедел жәрдем қызметі мен мамандығын таңдауға ыңғайлы жағдай жасалып, гранттар санын көбейту керек» - дейді Майлишов Бекбол.

ЖСДП Ақтөбе облысы филиалының байқауы бойынша Ақтөбе облысы бойынша кадр мәселесі әлі де бар көрінеді. Қазірдің өзінде жедел жәрдем бекеттерінде дәрігерлер жетіспейді. Жалақы аздығы дәрігерлердің жедел жәрдем бекетінде жұмыс жасауына кері әсерін тигізіп отырған көрінеді.

ЖСДП Ақтөбе облысы филиалы төрағасы
Майлишов.Б

Смотрите также:
Депутатские запросы
29.01.2025
Депутаттық сауал, Қазақстан Республикасының Премьер-министрдің орынбасары Дүйсенова Тамара Босымбекқызына жолдаймыз
15.01.2025
Депутатксий запрос Премьер-министру РК Бектенову О.А.
18.12.2024
Депутатский запрос Премьер-министру РК Бектенову О.А., министру экологии и природных ресурсов РК Нысанбаеву Е. Н.
27.11.2024
Депутатский запрос премьер-министру РК, КНБ, АРРФР, НБ, МЦРИАП, МВД
06.11.2024
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі О.А. Бектеновке
23.10.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Министру здравоохранения Министру труда и социальной защиты населения РК
16.10.2024
Депутатский запрос первому вице-премьер-министру Республики Казахстан Роману Васильевичу Скляру.
16.10.2024
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Васильевич Склярға депутаттық сауал
09.10.2024
Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне депутаттық сауал