ҚЗ-ның Премьер-Министрі А.А. Смайыловқа Депутаттық сауал

Құрметті Алихан Асханұлы!

Бұрын мен несие алу үшін жерді заңсыз кепілге қойған ауыл тұрғындарының үлестік жерлері тақырыбында депутаттық сауал жариялаған едім. Бірақ жауаптар ақпаратсыз болып шықты.

Барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен Проблемалық кредиттер қоры (Қор) төмендегі мәселелер бойынша ақпарат берулеріңізді сұраймыз:

Мынадай тізім берілсін: активтерін Қор сатып алған және инвестормен келісім-шарт жасаған ауыл шаруашылық кәсіпорында-рының саны мен атауы?

Инвесторлармен шарт жасасу кезінде оларды іріктеу критерийлері қандай, конкурстар қаншалықты ашық өткізілді және оларға қанша кәсіпорын қатысты, өтінімдерді іріктеу жүйесі қандай болды?

Осы кәсіпорындар ресімдеген кредиттердің сомасы қандай болды? Бұл ретте қанша жер көлемі кепілге салынды және бұл активтер қанша сомаға бағаланды?

Бұл кәсіпорындар қандай активтермен кірді және қай жылдары?

Қорға берілгеннен кейін инвесторлармен жасалатын шарттардың талаптары қандай?

Бұл инвесторлардың халық алдындағы міндеттемелері қандай?

Неліктен тең құрылтайшылар мен үлескерлердің құқық-тары бұзылды? (Олар Серіктестіктердегі үлесті басымдықпен сатып алу құқығынан айырылды). Ал банктер бұл активтерді Қор сатып алатынын біле отырып, ешқандай тексерусіз және нақтылаусыз келіседі. Жылжымайтын мүлікті кепілге қою кезінде заңнаманың талаптары сақталмады. Тіпті қайтыс болған адамдар да мүлік кепіліне «келісімін берген». Мәселен, Ақмола облысы Жақсы ауданының Есіл ауылында мүлік 800 млн. теңгеге бағаланып, ал несие берушінің міндеттемелері 5,5 млрд. теңгеге дейін өскен. Және мұндай жағдай жалғыз емес. Бұл ретте, қаржы институттарынан ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының кепілге қойылған активтерін сатып алу ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға ешқандай әсер етпегені белгілі. Инвесторлар деп аталатындардың қаржы-шаруашылық қызметті қандай жағдайда жүргізетінін жергілікті билік те, ауыл тұрғындары да білмейді.

Неліктен Қордың банк секторын сауықтыру және сатып алынған активтерді экономикалық айналымға тарту жөніндегі мақсатына қарамастан, кредиторлар кредиттер алу үшін екінші деңгейдегі банктерге сол бір кепіл мүлкін қайталап кепілге салады?

Осы қарыздардың сомасы қандай және жаңа несиелерді қанша кәсіпорын ресімдеді? Проблемалық кредиттердің кепіл мүлкін Қор сатып алған кезде кредиторлар кәсіпорны Қорға ауысатынын да атап өткен жөн. Бұдан кейін Қор инвестор деп аталатынды тартады, ал ол өз ақшасын салмай жұмыс істей бастайды, өйткені ауылда қырманда астық бар.

Ауыл тұрғындарының наразылығының күшеюі дәл осы сәттермен байланысты: инвесторлар өз ақшаларын салмайды, ал қаржы институттары несие берешегіне қарамастан кәсіпорынға несие беруді жалғастыруда.

Сұрақтарға жауаптарды заңда белгіленген мерзімде беруді талап етеміз.

Құрметпен, ЖСДП партиясы фракциясының депутаттары

Смотрите также:
Депутатские запросы
19.06.2024
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС А.САГАНДЫКОВОЙ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРУ РК БЕКТЕНОВУ О.А.
12.06.2024
Сайлаубай Н. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлына депутаттық сауал
29.05.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-Министру Республики Казахстан Бектенову О.А.
22.05.2024
Су айдындарында браконьерлікке қарсы күрестің проблемалық мәселелеріне қатысты өзінің депутаттық сауал
22.05.2024
Депутатский запрос касательно проблемных вопросов борьбы с браконьерством на водоемах
15.05.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Заместителю Премьер-Министра Республики Казахстан Дуйсеновой Тамаре
02.05.2024
Н.Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сауал
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы