Жамбыл облысындағы су тапшылығы мәселесі

Жаңа 2025 жылдың 9 қаңтары күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Жамбыл облыстық филиалы «Атамекен» ҰКП-ның мәжіліс залында, «Жамбыл облысындағы су тапшылығы мәселесі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Жиынға «Жамбыл облысының әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасы, Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясының және «Аграрлық несие корпарациясы» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының өкілдері қатысты. Сонымен бірге жиын барысында ЖСДП фракциясынан ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ажар Сағандықова ZOOM платформасы арқылы байланысқа шықты. Дөңгелек үстелді Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Ержан Каханұлы Дәуренбеков ашып берді.

«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» КММ басшысының орынбасары Бауыржан Молдашев өз сөзінде, Жамбыл облысы көршілес Қырғызстанның су ресурстарына 80 пайыз тәуелді екенін баяндады. Оның сөзінше аталған тәуелділікті азайту мақсатында Әкімдік пен Су ресурстары министрлігі облыста бірқатар жобаларды іске асыруда екен.

–Ал, Жамбыл облысы бойынша Шу-Талас бассейндік инспекциясының басшысы Талғат Ибраев екі ел су бөлуді ережеге сай өткізетіндігін айтып отыр.

«Қырғызстан және Қазақстан Республикасы арасындағы су ережеге сәйкес бөлінеді. Ол ережедегі негіздеме бойынша Талас өзені 50/50 Қырғызстан Республикасымен теңдей бөлінеді, ал Шу өзені бойынша 42% Қазақстан, 58% Қырғызстан алады. Былтырғы жылы мемлекетаралық келісім бойынша Талас өзенінен біздің ел 380 млн текше метр су алу керек болған. Бірақ біздің елдің шаруалары 418 млн текше метр, яғни 38 млн текше су артық алдық. Шу өзенінен 180 млн текше су алу керек болатын, бірақ 165 млн текше су алдық, демек 15 млн текше су кем алдық»,-деді.

«Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің» профессоры Алдаберген Малибеков – Бұл өте күрделі мәселе. Мәселе бүгін туындаған жоқ, өткен ғасырдың 60-70 жылдары Аралдың суы тартыла бастағаннан бастап күннен күнге өрши берді. Себебі халық саны өсіп, өндіріс орындары көбейіп келе жатыр. Облыста негізгі пайдаланатын судың 70 проценті ауылшаруашылығында қолданылады. Суды ұтымды пайдалану керек, гидротехниктер мен агрономдардың еңбегін пайдалану қажет. Бізде қоршаған ортаға, суға байланысты инновациялық технологияларды жүзеге асыратын мамандар өте аз. Сәйкесінше аймақтық университеттерде осы салаға байланысты гранттар да өте аз мөлшерде бөлінеді. Ақыр айналып жағдай осылай болып қала беруде,-деп сөзін түйді.

Дегенмен де өңірде су тапшылығы мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді. Жоспар көп, оның іске асуына уақыт пен қаржының жетіспеушілігі қолбайлау бола беретіні анық. Отырыста мәселенің мәніне үңілген мамандар шаруаға ерте көктемнен ақ кірісіп, шаруалардың да әр ісі мен әрекетіне жіті назар аудару керектігін баяндады. Себебі жоғарыдан суды қанша аз не көп мөлшерде бергенмен шаруалар ұтымды пайдаланбаса бәрі бір жұмыста нәтиже болмасы анық. Осы мәселені тілге тиек еткен сала өкілдері жұмысты төменнен бестап қадағалау керектігін айтып, осы бойынша жұмыс жасайтын болып тарқасты.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Жамбыл облыстық филиалының маманы Бақберген Аяулым

Смотрите также:
Депутатские запросы
29.01.2025
Депутаттық сауал, Қазақстан Республикасының Премьер-министрдің орынбасары Дүйсенова Тамара Босымбекқызына жолдаймыз
15.01.2025
Депутатксий запрос Премьер-министру РК Бектенову О.А.
18.12.2024
Депутатский запрос Премьер-министру РК Бектенову О.А., министру экологии и природных ресурсов РК Нысанбаеву Е. Н.
27.11.2024
Депутатский запрос премьер-министру РК, КНБ, АРРФР, НБ, МЦРИАП, МВД
06.11.2024
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі О.А. Бектеновке
23.10.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Министру здравоохранения Министру труда и социальной защиты населения РК
16.10.2024
Депутатский запрос первому вице-премьер-министру Республики Казахстан Роману Васильевичу Скляру.
16.10.2024
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Васильевич Склярға депутаттық сауал
09.10.2024
Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне депутаттық сауал