Жастар – қоғамның қозғаушы күші

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар – бұл кез келген заманауи мемлекеттің стратегиялық әлеуеті.

Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқылануы, оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады. Статистика агенттігінің жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша мемлекетіміздегі адам санының 4,5 миллионнан астамы жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз жалпы халықтың 30 пайызы жастар деген сөз.

Ендеше еліміздің ертеңгі болашағы жастардың бүгіннен бастап, қандай тәрбие алуы мен отансүйгіштік қасиеттің дамуы аса маңызды. Ең әуелі жастар бойында рухани-адамгершілік, саяси интеллектік, құқықтық тәрбие басым болғаны жөн.

Қазіргі заман жастарының басты назардағы бірнеше мәселелері тұр:

  1. Жұмыссыздық деңгейінің көбеюі;
  2. Жастар мен жасөспірімдер арасында электронды темекі шегудің артуы;
  3. Құқықбұзушылық пен қылмыстың көбеюі;
  4. Қоғамдағы батыс елдеріне еліктеп санамызды жоқ нәрселерге әуес болуы;
  5. Әлеуметтік желілердегі заманға қарсы әрекеттерге жол беруі;
  6. Құмар ойынның құрбаны болуы;
  7. Суицидтің артуы;
  8. Жас отбасылар арасындағы ажырасу деңгейінің көбеюі;

Аталған мәселелер бойынша жастардың саяси сауаттылығын аша отырып, оларды салт пен дәстүрге, ізгілік пен қамқорлыққа тәрбиелеу. Қоғам өміріне қайшы келетін өгерістерден аулақ ету. Мемлекет тарапынан жастар үшін жасалып жатқан бағдарламалар мен іс-шараларға тарту. Белсенділік жолды нұсқай отырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу – басты мақсатымыздың бірі. Көш түзелмей іс түзелмес. Билік пен қоғам алдындағы алтын көпір – жастар екендігін ұғындыру. Ел болашағының иесі екендігін сезіндіру.

Бұл бағытта облыс тарапынан, өз партиямыз тарапынан жастардың салауатты өмір cалтын қалыптастыру, шығармашылық деңгейін арттыру, бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында бірнеше іс-шаралар өткізіліп келеді. Атап айтсақ, жазғы уақыттарда балалар аула клубтарында сурет байқаулары, спорттық жарыстар, білімдерін шыңдау үшін зияткерлік ойындар өткізілді. Қаладағы саябақтарда жастар үшін сенбінің сәтті күнінде атты жобасы бойынша бірнеше бағыттағы іс-шаралар жүргізіліп келеді.

Жастар – жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілуге әзір. Сол себептен жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге атсалысу – басты парызымыз. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.

ЖСДП Жамбыл облыстық филиалы

Смотрите также:
Депутатские запросы
19.06.2024
ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС А.САГАНДЫКОВОЙ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРУ РК БЕКТЕНОВУ О.А.
12.06.2024
Сайлаубай Н. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлына депутаттық сауал
29.05.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-Министру Республики Казахстан Бектенову О.А.
22.05.2024
Су айдындарында браконьерлікке қарсы күрестің проблемалық мәселелеріне қатысты өзінің депутаттық сауал
22.05.2024
Депутатский запрос касательно проблемных вопросов борьбы с браконьерством на водоемах
15.05.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Заместителю Премьер-Министра Республики Казахстан Дуйсеновой Тамаре
02.05.2024
Н.Сайлаубайдың Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ауыл шаруашылығы техникасы бағасының өсуіне қатысты жолдаған депутаттық сауал
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы