Жеңіл өнеркәсіп өкілдері салықтық жеңілдіктер сұрап отыр

Алайда бұл мәселені тек Қазақстан аясында шешу мүмкін емес деп түсіндірді салық органы. Астанада шағын және орта бизнес мәселелеріне арналған жиын өтті. Ұйымдастырушысы – Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның елордалық филиалы.

Петропавлдан келген Sens Fashion ЖШС директоры Инесса Төлегеннің айтуынша, олардың компаниясы нарықта жұмыс істеп келе жатқанына 23 жыл. Негізінен мектеп формасын тігуге маманданған.

Ол қазақстандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары шикізат, фурнитура мен жабдықтарды шетелден сатып алуға мәжбүр екенін атап өтті.

«Біз оларды осында әкелгенде кедендік ресімдеу үшін төлейміз, содан кейін салық төлейміз, ұлттық стандарттарға сәйкес мектеп формасын жасаймыз, сосын сәйкестік сертификаттарын, индустриялық сертификатты, ST-KZ сертификатын аламыз, мұның бәрі бізге ауыртпалық түсіреді. Әлбетте, осы аталғанның бәрі дайын болған өнімнің құнына кіретіні түсінікті», – деді ол.

Тауардың көлемі Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия және басқа да елдердің өндірушілерімен салыстыруға келмейтіндіктен, біздегі дайын өнімдердің құны шетелдегі бәсекелестерге қарағанда қымбатқа шығады.

«Олар әкелінетін өнімнің салмағы үшін ғана төлейді. Егер біздегі салық салу бойынша отандық тауар өндірушілерге жеңілдік жасалмаса, біз ешқашан шетелдік өндірушілермен баға бойынша бәсекеге түсе алмаймыз.

Президент жеңіл өнеркәсіп басымдыққа ие болып отырған бағыт екенін және оны қолдау керектігін айтты. Бірақ біз жеңілдетілген несиелеуден басқа, бізге жасалып жатқан ешқандай қолдау тетіктерін көріп тұрған жоқпыз.

Шынымды айтсам, бұл дегеніміз қорлау», – деп атап өтті Инесса Төлеген.

ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов жабдықтың кейбір түрлеріне ҚҚС (қосылған құн салығы) төленбейтінін түсіндірді.

«Шикізат бойынша біз ЕАЭО бестігінде тұрмыз. Сырттан әкелінетін тауарларға салынатын баж салығы бізде барлық елдер үшін бірдей. Бізді қосқанда 5 елде ставка бірдей – Ресейде, Арменияда, Қырғызстанда және Беларуссияда.

Егер біз қазір кедендік баж салығын өзгерту туралы айтатын болсақ, онда бұл мәселені «бестікке» шығару керек.

Бірақ мен онда қандай шешім қабылданатынын білмеймін, тіпті болжай да алмаймын», – дейді.

Ол Өзбекстаннан импортталатын өнімдерге қатысты жағдай басқаша екенін түсіндірді, өйткені бұл ел ЕАЭО-ға мүше емес. Ресми Ташкент сыртқы шекаралардағы кедендік баждарды дербес реттей алады.

«Мысалы, оларда елге шикізат кіргізгенде, ҚҚС мен кедендік баждарын қоспағанда, нөлдік ставка бар екенін жақсы білесіз. Ал дайын өнім әкелгенде, ол үшін қорғаныс шаралары мен қорғаныс баждары бар. Бізде, яғни Қазақстанда мұндай мүмкіндік жоқ. Тағы да айтамын, бұл бес ел арасында шешілетін мәселе, өйткені біз ЕАЭО құрамындамыз», – деді Қаржы министрлігінің өкілі.

ЖСДП-ның елордалық филиалының басшысы Талғат Омаров іс-шара қорытындысы бойынша қарар қабылданып, ЖСДП атынан мемлекеттік органдарға және Мәжіліс депутаттарына жолданатынын атап өтті.

ЖСДП баспасөз қызметі

Смотрите также:
Депутатские запросы
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.
27.12.2023
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Министру здравоохранения. Министру труда и социальной защиты