Жол бойындағы қараусыз мал адам өміріне қауіп төндіріп тұр

Кейінгі кезде қараусыз қалған мал адам өміріне қауіп төндіруде. Малдың қараусыз жүргендігінен жол-көлік оқиғалары көбейген. Осы мәселе бойынша Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Абай облыстық филиалына Семей қаласындағы Степной кентінің тұрғындарынан өтініш келіп түсті. Партия белсенділері қауіптің алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізіп, мәселені жан-жақты талқылады. Оған ЖСДП Абай облыстық филиалының төрағасы Р.Сарманов, Абай облысының Ветеринария басқармасы мен «Семей ОСА» ҚБ және «Қос-ағаш» шаруа қожалығының өкілдері, Степной кентінің тұрғындары қатысты.

Р.Сармановтың айтуынша, төрт түліктің автокөлік пен теміржол бойында қараусыз жайылуы көлік қозғалысына кедергі келтіріп қана қоймай, адам өміріне қауіп төндіреді. Нәтижесінде жүргізушілер мен жолаушылар жарақат алып, кейде тіпті адамдардың өмірін қиюға дейін апарып соқтырады. Сондықтан малдардың қараусыз жайылуына жол бермеу арқылы ғана мал ұрлығын, жануарлардың жолға шығып кетуінен болып жатқан жол-көлік оқиғаларының алдын алуға болады.

Жиында тәртіп сақшылары жүргізген түсіндіру жұмыстары мен ескертулерге қарамастан, малдарын қараусыз қалдырып, салдарынан материалдық шығын келтіріп жататын жағдайлар да жиі кездесетіндігі айтылды. Бұл ретте, малдарын қараусыз жіберген мал иелері заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабына сәйкес бірінші рет ескерту жасалса, екінші рет 3 АЕК мөлшерінде, үшінші рет 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатындығы мәлім етілді.

Сондай-ақ, жылқыларда таңбаның болмауы мен ірі қара малды чиппен таңбалау, Семей қаласының шегінде иесіз малға арналған арнайы айыппұл тұрақтарының жоқтығы және оның Абай облысы бойынша жеткіліксіздігі, иесіз малды уақытша ұстау үшін қаржыландырудың болмауы сынды мәселелер талқыланды.

Абай облыстық Ветеринария басқармасының өкілі ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына» сәйкес, әрбір тіркелген малға сәйкестендіру нөмірі, ұсақ мал мен шошқаларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған ветеринарлық паспорт жеке берілетіні туралы айтты.

Бұған қоса, малдарды қараңғы және түнгі уақытта белгіленген жайылымдарда және басқа да жер учаскелерінде ғана жаюға болатындығы мен ауруға шалдыққан малдарды жаюға болмайтындығы, міндетті ветеринарлық рәсімдерден және вакцинациядан өтпеген, ортақ пайдаланылатын жерлерде, теміржол мен автокөлік жолдарының бөлінген белдеулерінде, су мен санитарлық қорғау аймақтарының шекараларында жүктеме мөлшерінен асатын малдарды жаюға, оларды жуындыруға және су айдындарын ластайтын шаруашылық қызметтің басқа да түрлерін жүргізуге тыйым салынатындығы талқыланды.

Дөңгелек үстелде қозғалған мәселелерді шешу бойынша Абай облыстық ЖСДП филиалының белсенділері бірнеше ұсыныс айтты:

1.Қазақстанда жылқыларға арналған шағылыстыратын сәйкестендіру таңбаларын өндіру мен таратуды енгізу және мал иелерінің оларды пайдалануын заңмен міндеттеу;

  1. Иесіз малдарға арналған арнайы айыппұлдар тұрағының санын көбейту;
  2. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығын орындамағаны үшін айыппұл санкцияларын енгізу (2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 барлық деңгейдегі ММ бақылау өкілдерінің «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесі»).

Талқылау қорытындысы бойынша жиналғандар ЖСДП филиалының белсенділеріне мәселені ҚР Парламенті Мәжілісінде көтеру үшін партия депутаттарына жеткізуді, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешуді ұсынды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Абай облыстық филиалы

Смотрите также:
Депутатские запросы
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.
27.12.2023
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Министру здравоохранения. Министру труда и социальной защиты