Жалпыұлттық социал-демократиялық партия ҮЕҰ-ның инклюзивті қоғам мәселелері жөніндегі ІІ Республикалық слетін өткізуге әзірленуде. Дәстүрге айналған шара желтоқсан айының 13-і күні Астанада өтеді.
Жиынның мақсаты – ЖСДП өкілдері мен инклюзивті білім беру бойынша әлеуметтік жобалар саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар арасында диалог пен ынтымақтастық алаңын құру. Біз барлық азаматтармен бірге мүмкіндігі шектеулі жандар үшін білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша тиімді шараларды әзірлеп, дәйекті түрде жүзеге асыру үшін бірлесіп жұмыс жасағымыз келеді.
Мұнда аса өзекті мәселелерді партия өкілдері, ҮЕҰ және мемлекеттік органдар өкілдері бірлесе отырып талқылайды. Шара аясында жетекші сарапшылар мен әлеуметтік жобалар саласындағы беделді мамандардың баяндамалары тыңдалады деп жоспарланып отыр. Мұнда әлеуметтік бастамаларды дамытудың қазіргі тенденциялары мен перспективалық бағыттары туралы әңгімелейді. Сондай-ақ жобаны жүзеге асырудағы сәтті әрекеттер көпшілік назарына ұсынылып, өзгелер үшін іс жүргізуде пайдалануға мүмкіндік берілмек.
ІІ Республикалық ҮЕҰ слетінің қорытынды кезеңінде ЖСДП ұйымдастырған әлеуметтік бастамалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты ұйымдастырылады.
Жиынға қатысу және тіркелу үшін анкетаны толтыру қажет.
Шараның өтетін орыны, күні және уақыты: 2024 жылғы 13 желтоқсан, сағат 10.00, Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 2А, «Думан» қонақ үйінің мәжіліс залы.
Анықтама үшін телефон: 8-701-37-67-039
ЖСДП баспасөз қызметі