ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ажар Сағындықова жұмыс сапарымен өңірлерге бару аясында партияның Ақмола облыстық филиалымен бірлесе, Көкшетау қаласындағы «Аналар үйі» қоғамдық қорына барды.

«Ана үйі» Көкшетау қаласында 2014 жылдан бері жұмыс істейді және Ақмола облысында 250-ге жуық әйелге көмектесті. Қор қиындыққа тап болған аналарға қолдау көрсетеді және балалар үйінің көбейіп кетуіне, отбасылардың шаңырағының шайқалуына жол бермеуге тырысады.

Қор тұрғылықты жері, тамағы, медициналық көмек түрлері, аналардың жұмысқа орналасуға қажетті құжаттарын ресімдеу, 2023 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы ақпаратпен таныстырды.

«Ана үйі» ресурстық орталығының үйлестірушісі Құралай Жұмабекова Ана үйіндегі аналардан сұрақтары мен ұсыныстарын жинақтап, филиалымызға және депутат Ажар Бақытқызына тапсырды.

Қазіргі дамыған қоғамда өмір сүріп жатқанымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтындығын, әркімнің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға құқығы бар екеніне негізделген.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін, ал олардың әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болған кезде, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109 (ұрып-соғу), ҚР ҚК 110 (азаптау), ҚР ҚК 131-баптарына сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады (қорлау).

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы конвенция, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» заңы, өзге де нормативтік құқықтық актілер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғаудың құқықтық негізін құрайды.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның мәлімдеуінше, соңғы бес жылда үйдегі зорлық-зомбылықтан 869 адам көз жұмды. Министр президент отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген түрі, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларға жасалған қастандық үшін жазаны күшейту мәселесін үнемі көтеріп келе жатқанын атап өтті.

«Бүгінгі статистика көңіл көншітпейді. Соңғы төрт жарым жылда үйдегі зорлық-зомбылықтан 869 адам көз жұмды. Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 2086 фактісі тіркелген. Сондықтан алдын алу шараларын кешенді түрде жүргізу біздің жіті назарымызда», ‒ деді Балаева үкімет отырысында.

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша нақты әрі толық статистиканы табу қиын, өйткені бұл проблема жиі құқық қорғау органдарына дейін жетпей қалады, сәйкесінше тіркелмейді.

Депутат Ажар Бахытқызы мен Ақмола облыстық филиалының белсенділері тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу және балалардың құқығын қорғау маңызды екенін ескере отырып, заңнамаларға өзгерістер енгізу мақсатымен тиісті іс-шараларды жиі өткізіп тұрады. Мәселе қосымша зерттеуді, бақылауды және уақытылы әрекет жасауды қажет етеді.

Ілияс Жанғали, ЖСДП Ақмола облыстық филиалы

Смотрите также:
Депутатские запросы
22.04.2024
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Премьер-Министру РК Олжасу Бектенову по вопросам водного канала имени К. Сатпаева
22.04.2024
Наурыз Сайлаубайдың Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа ипотекалық бағдарламалар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы
13.03.2024
Біздің депутаттық сауал Премьер-Министр О.А.Бектеновке
13.03.2024
Депутатский запрос А.Сагандыковой Премьер-министру О.А.Бектенову
31.01.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевқа депутаттық сауал
31.01.2024
Депутатский запрос члена фракции ОСДП Ажар Сагандыковой Министру просвещения РК Гани Бейсембаеву
24.01.2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Р. СКЛЯРҒА ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
17.01.2024
Депутатский запрос А.Рахимжанова Министру труда и социальной защиты населения РК Жакуповой С. К.
27.12.2023
Депутатский запрос Ажар Сагандыковой Министру здравоохранения. Министру труда и социальной защиты